Күдікті – психикалық денсаулық орталығында есепте тұрған.
Фото: pexels.com
ERNUR.KZ. Алматыда анасын өлтірді деген күдікпен 41 жастағы ер адам ұсталды, деп жазады inform.kz.
Алматы полиция департаменті бұл деректі растады.
Ведомствоның мәліметінше, Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады.
– Марқұмның 41 жастағы ұлы ұсталды. Күдікті – психикалық денсаулық орталығында есепте тұрған, - делінген хабарламада.
Қазір оқиғаның өзге де мән-жайы анықталып жатыр.


