аҚазақ қыз Африкада бастауыш сынып оқушыларын оқытып жүр

0
209

Студент қазіргі уақытта балаларға математика, француз тілі, география және ағылшын тілінен сабақ береді.


аҚазақ қыз Африкада бастауыш сынып оқушыларын оқытып жүр

Видеодан скриншот

ERNUR.KZ. Данель Берсебаева Сенегал астанасы Дакарда жергілікті мектептің бастауыш сынып оқушыларына сабақ беріп жүр, деп жазады stan.kz.

“Мен Африкаға үш ай бұрын өз магистратурам бойынша алмасу бағдарламасы арқылы келдім. Мақсатым тек турист болу емес, қызықты волонтерлік жобамен айналысу болды”, – дейді Данель Jibek Joly телеарнасындағы "Bugin LIVE" бағдарламасында.

Студент қазіргі уақытта балаларға математика, француз тілі, география және ағылшын тілінен сабақ береді. Сонымен қатар мектептерге кеңес құралдарын таратып, құжаттармен жұмыс істейді және демеушілерді тартады.

Сенегалда тез бейімделуге оған Франциядағы магистрант достары көмектесті. Волонтерлік тәжірибеден бөлек, Данель магистратураны аяқтаған соң өз мамандығы бойынша жұмыс іздеуді жоспарлап отыр. Мемлекеттік компаниядан ұсыныс келсе, оны қуана қабылдайтынын айтты.