ЖҰЛДЫЗНАМА БОЙЫНША: Өзіңіздің әлсіз тұсыңызды білесіз бе?

0
2 204

Осы бетпен кете берсе, талай мүмкіндікті жіберіп аласыз.


ЖҰЛДЫЗНАМА БОЙЫНША: Өзіңіздің әлсіз тұсыңызды білесіз бе?


ТОҚТЫ

Сіздің барлық сәтсіздіктеріңіз асығыс шешім қабылдаудан. Сондай-ақ, әр нәрсенің жаман жағын бірінші көріп, негативті ойлау – осал тұсыңыз.

ТОРПАҚ

ЖЕҢІС ПЕН ЖЕТІСТІК және СІЗ: араларыңызды алшақтатып тұрған кемшілік – болмашыға көңіліңіздің түсіп, бетіңіздің қайтып қалатыны.

ЕГІЗДЕР

Сізге не нәрсені болмасын байсалды қабылдамауыңыз, маңыз бере қарамайтыныңыз кедергі. Соның кесірінен беріліп тұрған мүмкіндікті құр жіберіп қоясыз.

ШАЯН

Қателіктен сабақ алмау және жасаған жаңсақ әрекетіңіз үшін жауапкершіліктен қашу – сіздің қайталап қоя беретін әлсіздігіңіз.

АРЫСТАН

Мәселемен бетпе-бет келуден қорқасыз. Оны шешуге асығудың орнына қашқақтап, созбақтап жүріп аласыз. Жетістіке ұмтылған жандар үшін бұл – үлкен әлсіздік.

БИКЕШ

Қайдағы жоқ қағидаларды алға тартып, өзіңізді дәлелдеу мақсатында болмашы дүниелерге, ұсақ-түйекке көп уақыт пен күш жоғалтасыз. Осы осалдықтың салдарынан маңызды нәрселерге ресурсыңыз жетпей қалып жатады.

ТАРАЗЫ

Сіздің осалдығыңыз – әрқашан алда немесе ортада жүруге деген ұмтылыс. Үнемі алда жүру, бар назардың сізде болуы барлық уақытта жақсы бола бермейді.

САРЫШАЯН

Сенгіштік және тез бауыр басып қалу – сізді басқа адамдардың алдында әлсіз етіп көрсетеді. Кей жағдайда өзіңізге зияны тиіп жатды. Сондықтан осы осалдықты жойып, орнын сақтықпен толтырыңыз.

МЕРГЕН

Адалдық – жақсы қасиет. Алайда, дәл қазіргі адамдар түлкі боп шалуға тиіс тазы-заманда шектен тыс адалдықтан өзіңіз зиян шегіп жатасыз. Көп жерде жолыңызды жауып қалады.

ТАУЕШКІ

Темірді қызған кезде соға алмайсыз. Тәуекелге бас тігу де сіздікі емес. Осы бетпен кете берсе, талай мүмкіндікті жіберіп аласыз.

СУҚҰЙҒЫШ

Сіздің әлсіз тұсыңыз – адамдардың сезімдеріне мән бермеуіңіз немесе түсінбеуіңіз. Осындай әрекеттен кейін жаныңыздағы жақын жандардың қатары азая береді.

БАЛЫҚТАР

Миыңыз шектеу мен қажетсіз қағидаларға толы. Соларды ұстанамын деп көп жерде өз жолыңызды өзіңіз жабасыз, өзіңізге рұқсат бермейсіз, мүмкіндіктерден құр қаласыз.

Аударған: А.Мейірханқызы,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

Бірдей сандар көзіңізге жиі түсе ме? Мағынасына назар аударыңыз