Жұлдызнама бойынша: КІМГЕ, НЕГЕ ТӘУЕЛДІСІЗ?

0
2 081

Өз бойыңыздағы тәуелділікті "танисыз" ба?


Жұлдызнама бойынша: КІМГЕ, НЕГЕ ТӘУЕЛДІСІЗ?

Әркімнің-ақ бойында қандай да бір дүниеге не әдетке тәуелділік болады. Ол кейде ешкімге зияны тимейтіндей, ал кейде жапа шектірерліктей қауіпті. Екінші жағдайдағысымен уақыт оздырмай күресу қажет. Сіз өз бойыңыздағы тәуелділікті "танисыз" ба?


ТОҚТЫ – КОФЕ

Олар кофеинге тәуелді. Қандай да бір сбептермен кофеден бас тартса, оның орнын шай не басқа да кофеинді сусынмен алмастырады. Тәулділіктің басты себебі – қиын тағдыр, қарбалас өмір не айналысатын ісіне толыққанды берілгендік болуы мүмкін.


ТОРПАҚ – ТАМАҚ

Тамаққа тәуелді дегенде көз алдыңызға алдына келгенді асап, оңды-солды опырып жей беретіндер елестей ме? Торпақтар ондай емес. Керісінше, нағыз тамақ талғағыштар. Тек, көкейіндегі асты барынша баптап жемесе, көңілі тоймайды. Сондықтан қай жердің мәзірі қандай, қайсыбір тағамның ең дәмдісін қайдан табуға болатынын ақсы біледі. Сондай-ақ, керемет аспаз.


ЕГІЗДЕР – ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ

Олар туғаннан білімге құштар, асқан қызығушылық иелері. Ойына бір сұрақ келсе, соның шешуін табу үшін терең ізденеді. Жан-жақтағының бәрінен хабардар болып отырғанды жақсы көреді. Осы жан қалауы оларды ғаламтор, әлеуметтік желіге әбден тәуелді еткен.


ШАЯН – РОМАНТИКА, СЕЗІМ

Олар қашан да сезімге шөлдеп жүреді. Өзгелердің махаббатына, мейіріміне зәру. Адамдармен барынша сүйіспеншіәлікке толы, өте жақын қарым-қатынас құрғысы келеді. Егер қандай да бір жаннан суықтық, бейжайлық көрсе, сол үшін көңілі қатты құлазиды. Осы қалауына сәйкес, өзі де айналасына шексіз махаббат, жан жылуын, әсерлі сезімдер мен әдемі сәттер сыйлауға барынша тырысады.


АРЫСТАН – САУДА-САТТЫҚ

Белгі иелерінің сауда-саттық жасауға, көңілі қалаған затты сатып алуға деген құштарлығы бәріне аян. Оларға жақсы киінген, қымбат та эксклюзив бұйымдар ұстаған қатты ұнайды. Қандай күйзелістен болмасын бір ғана шоппинг-терапия құтқара алады. Бұл тәуелділіктің соңы Арыстанды ақшасын босқа шашатын ысырапшылға айналдырады.


БИКЕШ – ТАЗАЛЫҚ

Жалпы, Бикештер – өте пысық әрі ұқыпты жандар. Олар тұрмыста да, жұмыста да, жалпы өмірде ретсіздікті, тәртіп сақтамауды жек көреді. Жүрген жерінің бәріне реттілік орнатып жүреді. Бір қарағанда, бұл еш зиянсыз, тіпті пайдалы әдет секілді. Алайда, жүйкеге артық салмақ түсіретінін де ескеру керек.

ТАРАЗЫ – СҰЛУЛЫҚ ПЕН МАХАББАТ

Белгі иелері кіммен болмасын арақатынаста адалдық пен тепе-теңдік сақталуға тиіс деп есептейді. Сондай-ақ, олар үшін кез келген нәрсенің сырт көрінісі эстетикалық ләззат сыйлауға тиіс. Осы талабына сай келетін жандардың алдында өте әлсіз.


САРЫШАЯН – БАҚЫЛАУ

Бақылау мен билік жасау белгі иелері үшін ауадай қажет. Бұл тәуелділігін отбасы мүшелерін, қоластындағы қызметкерлерді қатаң бақылауға алу, оларға үстемдік орнатумен өтейді. Біреулері шегін біліп, тиісті жерінде тоқтай алса, енді бір Сарышаяндар тұтқынына айналады. Мұндай жағдайда жақын адамдарымен жақсы қарым-қатынас орната алмайтыны айдан анық.


МЕРГЕН – ҚЫЗЫҚТЫ ОҚИҒАЛАР

Олардың жүрген жері қызықты оқиға, тосын жайларға толы. Айналасын күлкіге көміп, түрлі жағдайлардан туған эмоциясын шашып жүреді. Егер қандай да бір жағдайлар салдарынан өмірінде осындай оқиғалар орын алмай қалса, қатты құлазиды.


ТАУЕШКІ – ЖҰМЫС

Нағыз еңбек адамдары. Қашан да алдында бір мақсаты бар, үнемі соған жету жолында тыным таппай жүреді. Кейде қызметіне беріліп кеткені соншалық, өзіне, жеке өміріне уақыт таппай қалып жатады. Осы себептен қатты қалжырап шаршау, «эмоционалды жарылыс» жиі орын алып тұрады.


СУҚҰЙҒЫШ – БОСТАНДЫҚ

Ең ерекше белгі иелерінің тәуелділігі де еден ерек. Олар еркіндікті жер әлемдегі бар байлықтан жоғары бағалайды. Өздерін қандай да бір нәрсеге не қарым-қатынасқа тиісті әлде тәуелді сезінуден барынша қашқақтайды. Сондықтан қызғаншақ, меншіктеуді ұнататын ададмармен арақатынас мүлдем құрмайды.


БАЛЫҚТАР – ҰЙҚЫ

Олар арман-қиялшыл ғана емес, ұйқышыл да. Мамық жастық, жылы төсек, жайлы жер дегенде бар жұмысын тастап жата кетуге бар. Сондай-ақ, дүниеде ең жек көретіндерінің бірі ретінде оятқышты атайды. Жұмысқа не кездесуге кешіксе, «Ұйықтап қалдым» деп ақталу олар үшін қалыпты. Өйткені, ұйқыны сондай маңызды себептер қатарына жатқызады.

Аударған: А.Мейірханқызы,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:


Жігіттердің ҚҰПИЯСЫН оп-оңай БІЛІП АЛУҒА болады