ЖҰЛДЫЗНАМА БОЙЫНША: Баланың ОҚУҒА ЫНТАСЫН қалай ОЯТАМЫЗ?

0
1 762

Енді балаңызға ата-ана ғана емес, мұғалім де болуға тура келеді.


ЖҰЛДЫЗНАМА БОЙЫНША: Баланың ОҚУҒА ЫНТАСЫН қалай ОЯТАМЫЗ?

Әр ата-ана өз перзентінің қандай бала екенін біледі. Алайда, оқушы ретінде оны толық танымауы мүмкін. Алда оқу процесі үйден, ата-ананың көмегімен жүзеге асырылғалы тұр. Осыған орай, балаңыздың қандай оқушы екенін білгеніңіз артық болмайды. Себебі, үй жағдайындағы сабақты ұйымдастыруда мінез-құлық ерекшеліктерін ескермеске болмайды. Оған сабаққа ден қою үшін қандай жағдай керек? Қызығушылығын қалай оята аласыз? Қай пәндерді сүйіп оқиды? Осы және басқа да сұрақтардың жауабын жұлдызнамасы арқылы анықтаңыз.


Тоқты

Энергиясы еш таусылмайтын, бір орында отыра алмайтын Тоқты-шәкірттің зейінін бір бағытта ұстап тұру қиын. Сондықтан, сабақ алдында асыр салып ойнатып, кішкене болсын физикалық тұрғыда шаршатып алған артық болмас. Одан бөлек, сабырсыздығы, бір мезетте ойына түрлі идеялар келгіштігі, әр нәрсеге ауып кететіні тағы бар. Сондықтан күн тәртібін бекітіп, онымен алдын-ала таныстыру маңызды. Жоспар бойынша әрекет етуді қатаң талап етіңіз.


Торпақ

Бірінші кезекте балаңыздың сабақ оқитын орнына айрықша мән беріңіз. Бөлме, үстел, орындық, оқу құралдары – бәрі де оқушының өз қалауына сай болсын. Тіпті, үстел-орындықтың түсі мен пішінін де өзі таңдауына қарсы болмаңыз. Сонда ғана ол сабаққа толығымен ден қоя алады. Арасында жалқауланып, «диванда жатып оқи берем» деп қиғылық салуы мүмкін. Келіспеңіз. Бір рет рұқсат берсеңіз, кейін қайталана беретін болады.


Егіздер

Белгі иелері көбіне тіл білімдеріне бейім келеді. Сондықтан, балаңыз тек қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне басымдық берсе, қарсы болмаңыз. Өзі қаламаса, «есеп шығар, сурет сал» деп қинамаған абзал. Есесіне, шығарма, эссе жазуға, тест тапсырып, білімін тексеруіне көбірек уақыт беріңіз. Мұғалім берген тақырыптан аздап ауытқыса да ештеңе етпейді. Бастысы, бала қиялына ерік беріп, ойын жазбаша түрде жақсы жеткізу шеберлігін шыңдаса болғаны.


Шаян

Баланың көңіл-күйімен санаспасқа болмайды. Егер өзі қаламаса, үзілді-кесілді қарсы болып тұрса, қинап оқытудан түк шықпайды. Ондай күндері сабаққа бармады деп есептей салған дұрыс. Көңіл-күйі көтерілгенде қалып қойған тақырыппен танысуды есіне салыңыз. Қызығушылығы бар бала кешегі де, бүгінгі де өткен тақырыптарды бір күн ішінде меңгеріп, қуып жетіп алады.


Арыстан

Белгі аясында туған оқушыны жақсы оқыту үшін қалтасын түрлі тәттімен қомпайтуға тура келеді. Сабақ оқығаны үшін, жоғары бағасы үшін сый беріп тұрыңыз. Әйтпесе, келесі күні кітап бетін ашпай қоюы мүмкін. Олар үшін тағы бір күшті мотивация – мақтау. Мақтаған сайын марқайып, озат оқуға ынтасы арта түседі.


Бикеш

Бұл белгідегі шәкірттердің екі типі болады. Біріншілер – барлық ұстаздың арманы. Сабаққа қашан да дайын, қызығушылықпен кіріседі, айтқанды тез ұғады, тапсырманы берген сәтте-ақ тасырлата орындап тастайды. Өте ұқыпты, әдепті. Мұндай баланы оқыту ата-анаға да оңай. Көбіне өз бетінше оқи береді. Ал, екінші типтегілер – қашан да ойы басқа жақта, қиял үстінде жүретін балалар. Олардың зейінін бір бағытқа шоғырландыру, назары мен қызығушылығын ұстап тұру қиынның қиыны. Ата-ананың баланы да, өзін де қинамай, қалауына қалдырғаны жөн болар.


Таразы

Мектепте мұғалімнің көңілінен шығу үшін барын салатын оқушы болса, ол – Таразы. Белгі аясында туған балалар енді үйде ата-анасын қуанту үшін жанын салып оқитынына күмәніңіз болмасын. Сондықтан, қатаң бақылауда ұстаудың қажеті болмайды. Тек балаңыз өзі дәптерін көрсетіп, тексеруді өтінгенде уақыт пен көңіл бөліп, мақтап-мадақтап қойсаңыз болғаны.


Сарышаян

Сарышаяндар балалық шақтың естеліктерін, алған әсерін өмір бойы есінде сақтайды. Сондықтан, әр күнгі сабақ оқу процесін қызықты да әсерлі етіп өткізуге тырысыңыз. «Оқи алмайсың, білмейсің, адам болмайсың» деген сөздерді айтудан, ұрып-соғып оқытудан аулақ болыңыз. Қандай да бір пәнді меңгеруге шамасы жетпесе не қызығушылық болмаса, қинамаңыз. Баланы баға үшін оқытпаңыз. Есесіне, бойындағы талантын ашуға әрекет жасаңыз. Мейлі, оның мектеп пәндеріне қатысы болмаса да.


Мерген

Айтқанды бірден қағып алатын қағылез оқушы. Сіз бастап түсіндіріп жатқанда ол соңын біліп отырады. Алайда, есте сақтау қабілетімен жұмыс жасау керек. Бүгінгі өткен тақырыпты жақсы түсініп, тапсырманы беске орындайды. Бірақ біраз уақыт өткеннен кейінгі қайталау сабақтарында дәл солай жақсы біліп тұрмауы мүмкін. Бәрі де ұмытшақтығының салдарынан. Сондықтан, есте сақтауды дамытатын жаттығулар жасатыңыз.


Тауешкі

Ол – түсіндірушінің әрбір сөзін аңдып отыратын оқушы. Сәл жаңылса, бірден байқап, ескерту жасап, қияңқы сұрақтар қойып отыратын әдеті бар. Мектепте мұғалімге жасағанын үйде ата-анасына жасауы әбден мүмкін. Сондай-ақ, «Жазбай-ақ қойсам болмай ма?», «Ауызша айта салайыншы», «Ертең жаза саламын» дегендей орынсыз өтінішті де көп айтады. Осыған төтеп беру үшін темірдей жүйке керек.


Суқұйғыш

Барлық пәнде бірдей үлгерімі жақсы, үздік оқушы. Қай сабақтан болмасын қандай мақсат қойса да, көп ұзамай жетеді. Логикасы өте жақсы дамыған. Мектеп бағдарламасынан тыс, оқушының ойлау дәрежесінен жоғары тақырыптарды да терең түсініп, сараптама жасай алады. Мұндай балаға сабақ оқыту үшін өзіңізде де терең білім болуы керек.


Балықтар

Белгі иелері жаңа білімге қашан да ашық. Әсіресе, тіл білімдеріне қызығушылығы жоғары. Алайда, сабақ кестесіндегі пәндер қатарымен жетелеп отыру қиынға түсуі мүмкін. Дәл қазір қай сабаққа аңсары ауып отыр, соны оқығысы келеді. Немесе бір тақырыпты тереңірек зерттегісі келсе, келесі тақырыпты меңгеруден бас тартуы мүмкін. Бір сөзбен айтқанда, тәртіпті қатаңдатып, арасында шығармашылық ойлау қабілетіне де еркіндік беріп, таразы басын тең ұстап тұрған дұрыс.

Аударған: Ару Мұхамеджан,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:


"КОРОНАКРИЗИС": Жоғары сынып оқитын балаға КӨМЕГІҢІЗ КЕРЕК


Бойыңыздағы ең ЖАМАН ҚАСИЕТ қандай?