​ЖҰЛДЫЗДАР арасындағы АСПАЗДАР САЙЫСЫ: ең дәмді әзірлейтін кім?

0
3 601


​ЖҰЛДЫЗДАР арасындағы АСПАЗДАР САЙЫСЫ: ең дәмді әзірлейтін кім?


12-орын: СУҚҰЙҒЫШ

Астрологтар белгі иелерін бұл сайыста соңғы орынға шегеріп қойды. Оған себеп – Суқұйғыштардың асүй тірліктеріне еш ебінің жоқтығы. Ең жақсы әзірлейтіні – шұжық пен нан тілімінен бутерброд. Одан асқан аспаздық өнерін күтпеген жөн. Тек құлшына кіріскенде ғана өзгеше мәзірмен таңғалдыратыны бар. Бірақ мұндай қуанышты күн жылына бірер рет қана тууы мүмкін.


11-орын: МЕРГЕН

Шын мәнінде, Мергендер ынталанса, асты дәмді-ақ әзірлейді. Қажет болса, қарапайым затардан ерекше мәзірлер жасап таң қалдырады. Ендеше неге соңғы орындарда дерсіз? Өйткені, ас әзірлегенді ұната бермейді. Күнделікті бірнеше рет тамақ пісіруді артық әбігер, уақытты босқа жоғалту деп санайды.


10-орын: АРЫСТАН

Бұл белгі иелерін де бойында аспаздық таланты жоқ деуге келмейді. Тек өздері басқаларға қызмет еткендей болып ас әзірлеп, алдарына қойып бергенді ұнатпайды. Тамақ жасауға тура келсе, түрлі шедеврмен таң қалдыруға тырыспайды. Ең оңай әрі жылдам болатын рецептермен жеңіл құтылады.


9-орын: БАЛЫҚТАР

Тумысынан шығармашылық адамы болып келетін Балықтарға дәмді ас әзірлеу үшін де шабыт керек. Ал шабыт болмаған уақыттарда астың тіл үйірерлік дәмді болуына, көз тартарлық көрінісіне бас қатырмайды.


8-орын: ТОҚТЫ

Олар өз уақыты мен ресурсының қаншалықты құнды екенін жақсы біледі. Сондықтан, отбасымды бармақ жалайтындай тамақпен қуантамын, өзгеше дәммен таң-тамаша қыламын деген мақсатты көп көздей бермейді. Көп күш пен көп уақытты алмайтын, жылдам әрі оңай тағам түрлерін бірнеше күн қатарынан еш қысылмастан ұсына береді. Бастысы, қарын тойса болды деген ұстанымда.


7-орын: ЕГІЗДЕР

Бір өзі үшін ешқашан арнайылап қазан көтермейді. Ондай жағдайда құрғақ аспен, ағарғанмен, көкөніс-жемістермен жүрек жалғап жүре береді. Жанында басқа кісілер не отбасы мүшелері болса, солар үшін ғана ас әзірлеуге міндеттімін деп санайды. Бір рет бар өнерін салып, көп уақыт жұмсап ас пісірсе, одан кейін бірнеше күнге кулинарлық үзіліс алады.


6-орын: ТАРАЗЫ

Жалпы алғанда жаман аспаздар емес. Алайда, өзіне сенімсіз. Сондықтан, айрықша мәзір, дәмді ас қаласа, кәсіби аспаздың қолынан шыққанын іздеп мейрамхана жағалайды. Ал өзі үйде қарапайым, қолжетімді, бала кезден үйренген тағам түрлерін ғана дайындайды.


5-орын: ТАУЕШКІ

Тауешкілер керемет аспаз бола алады. Тек егер өзі қаласа. Көбіне белгі иелері аспаздық талантын шыңдағысы келмейді. Әркім өз жұмысымен айналысқаны жөн деп санайтын олар өз мамандығы бойынша ғана даму жолында.


4-орын: БИКЕШ

Ас әзірлеу олардың сүйікті ісі. Асүйдің есігін жауып алып, қазан-ошақпен оңаша қалу, үйдегі бар азықпен айрықша тағам түрін жасап шығару, жаңа мәзір түрін үйрену – мұның бәрі Бикештер үшін медитациямен пара-пар. Олар үшін ең маңыздысы тамақтың дәмі мен көрінісі емес, дайындау барысында алатын керемет сезім. Алайда осындай ықыласпен дайындалған дәмнің тіл үйірерлік болмауы – сирек кездесетін жағдай.


3-орын: ТОРПАҚ

Үздіктер үштігінің үшінші орнын Торпақтар алып тұр. «Ас – адамның арқауы» ғана емес, өмірдің мәні деп санайтын олар үшін бәрі де маңызды – тағамның дайындалуы, көрінісі, дәмі, татқан адамдардың әсері, мақтауы, т.с.с. Осының бәрі ойындағыдай болуы үшін барын салады. Асүйде таңнан кешке дейін жүруге бар. Қатып қалған рецептің де қажеті жоқ, жаны қалай қалайды, солай дайындайды. Көбіне жанының қалауы сәтті шығып жатады.


2-орын: ШАЯН

Астрологтар аспаздықтан күміс медальға Шаяндар лайық деп санайды. Себебі бұл белгі иелерінің бойында туабітті аспаздық талант бар. Және бала кезінен қазан-ошақ маңына құмар болғандықтан, тәжірибесі де мол болып келеді.


1-орын: САРЫШАЯН

Ас әзірлеуден алдына жан салмай, бірінші орынды иемденетіндердің көбісі осы белгі аясында туғандар. Аты мәшһүр аспаздардың да көбі Сарышаяндар. Олардың дайындаған асын бір жеген кісі соған тәуелді болып қалады. Ол қарапайым сорпа болсын, суға қайнатқан макарон болсын, бәрібір. Сарышаяндар қандай мәзірді қолға алса да, өз бойындағы айрықша таланты, энергетикасы, ас дайындауға деген махаббаты қосылатындай, әйтеуір дәмі айрықша.

Аударған: А.Мейірханқызы,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

СІЗ қандай ЖҮРГІЗУШІСІЗ?