​Сүйіктіңіз МАХАББАТ ҮШІН неге дайын?

0
2 870


​Сүйіктіңіз МАХАББАТ ҮШІН неге дайын?

ТОҚТЫ

Тоқтылар махаббаты үшін өз мінезін, ұстанымдарын, дүниетанымын құрбан етіп, өзгеруге дайын. Білген адамға, бұлай өзгерудің өзі үлкен ерлік. Бағалауға тұрады.


ТОРПАҚ

Торпақтар сүйіктісінің қалауымен өзін өзгерте алмаса да, жайлы, жылы орнын қиюға әзір. Асылында белгі иелері үшін жайлы өмір өте маңызды. Алайда, махаббат үшін құрбан етіп, сүйгенімен қол ұстасып жаңа өмір бастауға болады деп санайды.


ЕГІЗДЕР

Белгі иелері өз махаббаты үшін бара алатын ең үлкен ерлік – адалдық. Олар өмірлік жарым деген жанды тапқан соң өткендегі жақын қарым-қатынастарының бәрін ұмытады. Болашақта да басқа ешкімге айырбастамауға сенімді түрде сөз береді.


ШАЯН

Әдетте сыртқа сырын білдірмейтін, жүрегінің есігін ешкімге аша қоймайтын белгі иелері махаббатын жолықтырғанда оған жанын жалаңаштауға дайын болады. Бар шынын айтып, сырын ақтарып, барынша шынайы арақатынас құрады. Дәл осындай қарым-қатынасты байқасаңыз, оның бойында ұлы махаббат маздап тұр деп ойлай беріңіз.


АРЫСТАН

Махаббат үшін бар әлемді, тіпті өзін ұмытуға бар. Сүйіктісінен өзге біреу үшін бірдеңе жасау тұрмақ, ол туралы ойланбайды да. Барын сүйген адамына береді, бәрін соған арнайды. Тек сүйіктісі қалауын дұрыс жеткізіп, жеткілікті түсіндіре алса ғана.


БИКЕШ

Белгі иелері қандай ұлы махаббат болса да, оның жолында көп құрбандыққа бара алмайды. Бір ғана жақсы тұсы – қателігін мойындау. Бұдан басқа ерлік те, құрбандық та күтпеген жөн.


ТАРАЗЫ

Сүйген адамы үшін сыртқы әлемнің қызылды-жасылды қызықтарынан, ойын-сауығынан бас тартуға дайын. Отбасын құра салысымен өзін толығымен жанұясына арнайды. Тапқанын үйге әкеліп, бар қажетімен қамтамасыз етеді. Керек болса, үйдегі әйелдің шаруаларын да еш қысылмастан атқарады.


САРЫШАЯН

Шын ғашық болған Сарышаян сезімі үшін бәріне даяр. Сүйіктісінің бар қалауын орындап, сұрағанын береді.


МЕРГЕН

Мергендер де махаббат үшін кез келген нәрсеге бара алады. Сүйгені қаласа, адамгершіліктен аттауға бар. Қылмыс жасау керек болса, одан да тартынбайды. Алайда, өзі бұл әрекеттердің ешқайсын ерлік, құрбандық деп санамайды.


ТАУЕШКІ

Олар махаббаттың тұтқыны болғанда өте кешірімшіл жанға айналады. Үлкен айып болмаса, сүйіктісінің кішігірім қателіктеріне оңай көз жұма алады. Ол үшін кек сақтамайды, соңыра есіне салып, бетіне салық та қылмайды.


СУҚҰЙҒЫШ

Белгі иелері махаббат үшін өзі жасай алатын ең үлкен ерлік – үйлену деп санайды. Сондықтан, сүйікті адамын кездестіре салысымен еркін өмірімен қоштасып, отбасын құруға қадам жасай бастайды. Әйткенмен, бір жаманы, қартайғанша осы «ерлігін» қайталай айтып, әйелінен тиісінше бағалауын талап ететін болады.


БАЛЫҚТАР

Жаны нәзік, жүрегі жұмсақ, романтикаға жақын болғанмен, махаббатқа келгенде ешқандай құрбандықтың, ерлік жасаудың қажеті жоқ деп санайды. Сүйген жандар бір-бірін бар қалпында қабылдауға тиіс, ешкім ешкімге ештеңе міндетті емес, жұптар бір-біріне байланбай, бостандық бере де білуі керек деген ұстанымдармен өмір сүреді.

Аударған: А.Мейірханқызы,

ERNUR.KZ