Сиыр жылында ОСЫ түс СӘТТІЛІК әкеледі

0
7 022


Сиыр жылында ОСЫ түс СӘТТІЛІК әкеледі

2021 жылдың әр күнінде дұрыс таңдалған киім түсі сәттілік әкеледі. Ережеге бағынсаңыз, аспан денелері, жаратылыстың өзі жолыңызды ашып тұрады екен. Бұл үшін аптаның әр күніне сай түсте киінсеңіз болғаны.


ДҮЙСЕНБІ

Аптаның алғашқы күнін Ай желеп-жебейді. Жер серігі дүйсенбіде жолымды ашсын десеңіз, ақ, ақшыл сары, сүт түстес киімдер киіңіз. Арасында көгілдір, сары реңктер қоссаңыз да болады. Ал, күлгін, қара, қызыл түсті киімдерді бұл күні кимей қоя тұрыңыз.


СЕЙСЕНБІ

Мастың қамқорылғындағы күн болғасын, сейсенбінің басты түсі – қызыл болуға тиіс. әлбетте, аталған түстің барлық тондары жарай береді – алқызыл, қызылкүрең, т.б. Одан бөлек, сырт бейнеңізге аздап қоңыр, қара түстерден де қосуға болады. Дәл осы түстер сейсенбіге жоспарлаған бар шаруаңыздың сәтті жүзеге асуына көмектеседі.


СӘРСЕНБІ

Қазақ бұрыннан сәрсенбіні сәтті күн деп біледі. Ал оған Меркурийдің көмектесуіне мүмкіндік берсеңіз, бұл күннен аларыңыз тіптен көбейе түседі. Сырт көрінісіңізде сары және сұр, көгілдір, көк-жасыл, жасыл реңкті түстер басым болсын. Сонда Меркурий сізді танып, бар мейірімін төгеді.


БЕЙСЕНБІ

Бейсенбі үшін ең тиімді түстер – күлгін, қызылкүрең, таңқурай түстес қызыл және көк. Дәл осы түстер күннің жебеушісі – Юпитердің жағымды энергетикасын тартады. Солайша жолыңыз ашылып, ісіңіз жемісті де табысты боулына әсер етеді.


ЖҰМА

Бұл күні жасыл және алқызыл түстер мен олардың түрлі тондарынан келген киімдерді киюге тырысыңыз. Алқызыл реңктері жұмаға жебеушілік ететін Венераның ықыласын сізге қарай аударады. Нәтижесінде жеке өміріңізде үйлесім, сүйіспеншілік орнап, жағымды сәттер көбейеді. Ал жасылдың ықпалымен материалдық жағдайыңыз жақсарады.


СЕНБІ

Сенбі – Сатурн күні. Бұл күнді өзіңізді тануға тұлғалық дамуға арнаған жөн. Киім түсіне келсек, қою көк, қара және сұр реңктерге тоқталған абзал. Осы түстер өзіңізді жеңіл сезінуге, санаңыздың сергек болуына әсер етеді.


ЖЕКСЕНБІ

Нағыш күншуақты, көтеріңкі көңіл-күйдің уақыты келді. Себебі, жексенбі – Күннің желеп-жебеуінде. Ендеше, бұл күннің түсі де белгілі. Сары, алтын сары, тоқсары түстердегі киім-кешектер күніңізді сәтті де жемісті етеді.

Аударған: А. Мейірханқызы,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

ТҮСІҢІЗДЕ көрген сан ӨҢІҢІЗДЕ нені білдіреді?