​Өзіңізге қандай ДӘРУМЕН жетіспейтінін ОСЫ ЖЕРДЕН біле аласыз

0
3 345

Жұлдыз белгіңізге қарап та қандай дәруменнің тапшы екенін біле аласыз.


​Өзіңізге қандай ДӘРУМЕН жетіспейтінін ОСЫ ЖЕРДЕН біле аласыз

Дәрумен ағзаның зат алмасуын жақсартады. Егер ол жетіспесе, адамның денсаулығы сыр береді. Оны анықтау үшін арнайы сараптама жасату керек. Одан бөлек, жұлдыз белгіңізге қарап та қандай дәруменнің тапшы екенін біле аласыз.


Шаян, Арыстан және Тоқты белгісіндегілер Д дәруменінен тапшылық көреді

Д дәрумені – кальций элементін бөледі. Егер ағзаңыз осы элементтен тапшылық көрсе, онда сізді рахит, қасқабастану аурулары мазалайды. Еш себепсіз шашыңыз түсе бастаса, тырнағыңыз сынғыш келсе, дереу Д дәруменін қабылдаңыз. Күннің көзінде жиі жүруге де болады. Құрамында кальций элементі мол сары майды, сүт пен сарыуызды үзбей жеңіз.


Бикеш пен Сарышаянға Е дәрумені жетіспейді

Е дәрумені – қартаюдың алдын алады. Ми мен жүйке жүйесінің жұмысына оң ықпал етеді. Сонымен қатар, құрсақтағы дені сау болып дамуына керемет әсерін тигізеді. Е дәруменін түрлі өсімдік майынан алуға болады.


Таразы, Шаян және Торпақ белгісіндегілерге К дәруменін қабылдау керек

К дәрумені – қанайналымды жақсартып, адамды жасартады. Аталған дәруменді көктерден, қырыққабат пен сәбізден табасыз.


Таразы мен Суқұйғыш шоқжұлдызына А дәрумені ауадай қажет

А дәрумені – теріні қабыршақтанудан қорғап, көру қабілетін жақсартады. Бұл дәруменді сары майдан, балық майынан, сәбізден, қызанақтан, асқабақ пен апельсиннен аласыз.


Тауешкі және Сарышаяндарға В тобындағы дәрумендер керек

В тобындағы дәрумен – жүйке жүйесінің жұмысын жақсартып, зат алмасуды реттейді.

В1 – бұршақты өнімдер мен жаңғақта, В2 дәрумені сүтте, сүт өнімдерінде, қырыққабат пен бауырда кездеседі. Ал еттен, жұмыртқадан, саңырауқұлақтан, бүйрек пен жүректен В3 дәруменін табасыз. В4 дәрумені соя майында, ашытылған қырыққабатта, жұмыртқада болса, В5 дәрумені қызылшадан, лобиядан кездеседі. Егер В6 дәрумені қажет болса, онда жаңғақты, үрмебұршақ пен сәбізді көбірек жеңіз. В8 бен В9 дәрумендеріне көк бұршақ пен қырыққабат бай. Ал бүйрек, балық пен уылдырық В12 дәруменінің қайнар көзі болып табылады.


Мерген мен Балықтар С дәруменінен таршылық көреді

С дәрумені – тыныс алу жолдары ауруларының алдын алып, қатерлі ісікті болдырмайды. Бұл қауіпті дерттің алдын алғыңыз келсе, қара қарақатты, цитрусты жемсітерді, қалақай мен шетенді көбірек жеңіз.


Егіздер, Тауешкі мен Бикештер Р дәруменімен достассын

Р дәрумені – қан-тамыр ауруларынан қорғайды. Бауырдың жұмысын жақсартып, қант диабеті ауруының алдын алады.

Аталған дәруменді шайдан, итмұрыннан, пияздан, мүкжидектен табасыз.

Аударған: А.Мейірханқызы,

ERNUR.KZ


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ;

ЖҰЛДЫЗНАМА БОЙЫНША: Кім қалай қартаяды?