НУМЕРОЛОГИЯ: Сізге энергияны қайдан алу керек?

0
3 346

Әркімнің күш-қуат жинайтын өз орны болады, өзіңіздікін біліңіз.


НУМЕРОЛОГИЯ: Сізге энергияны қайдан алу керек?

Айналамызға қарасақ, екінің бірі шаршап жүр. Енжар. Энергиясы таусылған. Құр сүлдерін сүйретіп, өзін мәжбүрлеп тіршілік қамымен тырбаңдаған жандар.


Асылында, күнделікті шаруаны мәжбүрліктен емес, махаббатпен атқарып тастауға болады. Қанаттанып, қуаттанып тұрсаңыз, бүгін алатын асуыңыз кешегіден де биік болмақ. Бірақ ол үшін алдымен тұла бойды энергияға толтыру керек. Қалай дейсіз бе? Сізге қуат сыйлайтын орынды анықтау арқылы.


Ал ол орынды анықтау үшін нумерология көмегіне жүгінеміз.

Туған күн, ай, жылыңыздың сандарын бір-біріне қосып, бір таңбалы сан шығарып аламыз. Сосын ол санға өзіңіз дүниеге келген апта күнінің санын қосамыз. Дүйсенбі болса – 1, сейсенбі – 2, сәрсенбі – 3... Осылай 7-ге дейінгі сандардың бірі қосылады. Нәтижесінде екі таңбалы сан шықса, тағы да бір-біріне қосу арқылы 1 таңбалы сан шығару керек.

Мысалы, туған күніңіз: 25.08.1982, Сәрсенбі (3)

2+5+0+8+1+9+8+2=35=3+5=8 ➡8+3=11=1+1=2

Энергияның нумерологиялық саны – 2.


САНДАРДЫҢ МӘНІ


1 – сізге күш-қуат беретін – таулы жер. Таңғы уақытта барғаныңыз дұрыс. Әсіресе, жексенбінің таңын тауда қарсы алыңыз.


2 – сізге көл суы күш-жігер береді. Мүмкіндік болса, әр дүйсенбі сайын күндізгі уақытта көлге бір соғып, жағасында демалып кетуге тырысыңыз.


3 – тастар мен жартастар бойыңызды қуатқа толтырады. Бейсенбіде уақыт тауып, тау-тастың ортасына барып, олармен үнсіз тілдесіп тұрғаныңыз дұрыс.


4 – егінші болмасаңыз да, егістік алқабына барып тұрыңыз. Себебі, сізге қуат беретін сол жер. Егітік даласына барып еңбек етпесеңіз де, жексенбінің кешінде күннің батуын тамашалау үшін барып тұрыңыз.


5 – сіздегі таусылған энергия қорын теңіз қайта қалпына келтіреді. Тек жұртпен жағаласып күндіз бармай-ақ қойыңыз. Ең дұрыс уақыт – сәрсенбінің түні.


6 – қарағай орманына барсаңыз, тау қопарарлық күш-қуат жинап қайтасыз. Әсіресе, жұмада күндізгі уақытта орман ауасымен тыныстасаңыз.


7 - құлшылық жасауға арналған діни орындар ішкі дүниеңізді рухани байлықпен ғана емес, жағымды энергиямен де толтырады. Әр дүйсенбіде кешкісін діни орындарда болуды әдетке айналдырыңыз.


8 – бір орында тұрмастан тоқтаусыз ағып жатқан өзен суы бойыңызды қуатқа толтырып, қанат бітіргендей болады. Әр сенбілік демалысты өзен жағасында өткізу сіз үшін өте пайдалы болмақ.


– жанып атқан оттың қуаты сізді де оттай лапылдатып, жалындатып жібереді. Сондықтан, күш-қуатыңыз таусылып жатқанын сезсеңіз, алау жағыңыз. Сейсенбінің түні болса тіптен жақсы.



ҚОСЫМША КЕҢЕС

  • Энергия қорыңызды толықтыруды жоспарлаған күні қандай да бір пайдасыз азықтан бас тартыңыз.
  • Мысалы, тәтті пісірме, қуырылған тамақ, газды сусын, т.с.с.
  • Сондай-ақ, бұл күні гаджеттерді қолдануды да шектеңіз.
  • Темекі, ішімдікке мүлде жоламаңыз.
  • Әуен тыңдаудың да қажеті шамалы. Айналада сізді алаңдататындай ешқандай артық дыбыс, шудың болмағаны абзал. Тек табиғаттың өз үнін тыңдаңыз.
  • Жақсы ойлар ойлап, жақсы сөз айтып, күш-қуат орнынан барынша ләззат алуға тырысыңыз.


Сонда бойыңызға құйылып келіп жатқан қуат ағынын анық сезінесіз. Мұндай жоралғыдан кейін күніңіз сәтті, жемісі тәтті болады.

Дайындаған: А.Мейірханқызы,

ERNUR.KZ


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

Тамызда ТАБЫСТЫ болатын 5 БЕЛГІ