Нумерология бойынша: Қандай әмиян ақшаңызды көбейтеді?

0
3 552

Байқап көріңіз, көп ұзамай байып шыға келесіз.


Нумерология бойынша: Қандай әмиян ақшаңызды көбейтеді?

Нумерология бойынша, әркімнің әмиянының түсі өз туған күніне сай болса, кірісі арта түседі деген сенім бар. Сондай-ақ, қалташаға қаржы тола түсуі үшін жеке финанстық кодыңызды жазып қойсаңыз, жағдайыңыз одан әрі жақсара түседі дейді. Бұл жай соқыр сенім емес. Өйткені, ауқатты, табысты деген жандардың барлығы дерлік нумеролог көмегіне жүгінеді әрі ақшаға, әмиянға қатысты кеңестердің бәрін іске асырып жүреді. Сіз де байқап көріңіз, көп ұзамай байып шыға келесіз.


Өз әмияныңыздың түсін білу үшін төменнен туған күніңіздің санын табу жеткілікті.


1, 10, 19, 28 сандары – айдың осы жұлдызында туғандар қола, бал, алтын түстес қоңыр-сары реңктер мен ашық сары түс тән.


3,5, 14, 23 – осы күндердің бірінде дүние есігін ашсаңыз, ақ түсті әмиян ұстаңыз. Ол кез келген жаңа бастамаңызға сәттілік әкеліп, ақша каналын ашады. Жасылдың барлық реңктері, теңбіл дақтары бар болса да болады.


6, 15, 24, 31 – бұл күні туғандарға алқызыл түсті әмиян ұстауға кеңес беріледі. Сондай-ақ, көгілдір мен күлгін де сәтті түс болып саналады. Аталған түстер араласып келсе де болады.


2, 11, 20, 29 күні туғандар бейтарап, жұмсақ түстерге тоқталғаны абзал. Мәселен, ақ, ақшыл сары, күміс түстес, солғын көк және солғын қызғылт түстер.


9, 18, 25, 27 – жарқын түстерді де, солғын реңктерді де, бейтарап түстерді де «жақсы көретін» жан-жақты даталар. Әсіресе, қызыл, қою қызыл, тоқ сары, таңқурай түстес қызыл күрең және шоколад түстес әмияндар иесіне мол қаражат шақырады.

Айдың 12, 13, 21, 30-жұлдызында туғандар үшін көк пен жасылдың барлық реңктері сәттілік пен табыс әкеледі.


8, 17, 22, 26 – бұл күндері дние есігін ашқандар күлгін, көк және ақшыл көк түстерді таңбағаны абзал. Сондай-ақ, қара түсті әмиян стаса да, қалтасы қалыңдай түседі.


4, 7, 16 – бұл сандар үшін жылтыр, күміс түстес, көгілдір және осы тстерден құбылып тұратын әмиян өте сәтті. Торкөзді принт не басқа да суретпен болса, тіптен жақсы.


Артық болмас, білсеңіз

  • Әмиян таңдағанда қалталары тым көп болмауына мән беріңіз. Материалы да арзан болмасын. Материалы арзан әмиян кедейлік энергиясын шақырады. Сондықтан әмиянға келгенде сараңдық танытпаңыз.
  • Мына кодтарды қағазға жазып салып қойсаңыз да болады: 888 – ақша шақырады, қаражатыңыз айналымда жүреді; 333 – жаңа бастамаларға жақсы; 666 – келген ақшаны ұстап тұруға жақсы; 777 – сәттілік шақырады; 128 – ақша шақырады.
  • Пішіні маңызды емес, бастысы өз көңіліңізден толық шықса болғаны. Сіздің әмияныңыз өзіңізге қатты ұнауы қажет.
  • Әмиянның ішіне артық зат салмаңыз. Мысалы, суреттер, чек, скидка карточкалары. Олар да өзіндік энергиясын алады.
  • Әмиян ешқашан бос тұрмау қажет. Онда ұсақ тиын, басқа елдің купюрасы болса да, міндетті түрде ақша болуы керек.
  • Ақша энергиясын ең күшті шақыратын купюралар – 3 доллар, 3000 тг (мысалы, 2000+1000 немесе 1000+1000+1000 тг), 8000 тг. деген сияқты сомалар үнемі сақталсын.

Дайындаған: А.Мейірханқызы,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

ҚАЙ ЖЕРІҢІЗ ауырады? АЛАҚАНҒА ҚАРАП біле аласыз