Көліктің НӨМІРІ де БАЙЛЫҚ ШАҚЫРАДЫ

0
3 542

Көлігіңіздің нөмірі қандай? Оның жақсы-жаман болуы соған байланысты


Көліктің НӨМІРІ де БАЙЛЫҚ ШАҚЫРАДЫ

Көбінде нөмірдің бірдей сандардан болуына не туған күн, ай, жылға, басқа да өзіміз үшін маңызды бір цифрларға сәйкес келуіне ғана мән береміз. Ал нумерологтар бұған мүлде басқаша көзқараспен қарау керектігін айтады. Себебі, сіз таңдаған сандар болашағыңызға, көліктің қызмет ету сапасына әсер ететін көрінеді.

Көліктің қазіргі жай-күйін, қызмет сапасы қандай болатынын, сіздің өмір салтыңызға сәйкес келетін-келмейтінін болжау үшін нөмірдегі сандарды бір-біріне қосып, біртаңбалы мән шығару керек.


Бірлік

Бұл көлік – өте сенімді серік. Күнделікті ары-бері шаруаларға да жарайды, ұзақ жолға шықсаңыз да, жарты жолда қалдырмайды. Саяхат үшін де таптырмайтын нұсқа.


Екілік

Ауыл, қала ішінде күнделікті шаруамен шапқылауға өте ыңғайлы. Жұмысқа, елдімекен сыртындағы жол түспеген, егістік жерлерге барып-келу, жүк тасу сынды сапарларды мүлтіксіз атқарады. Алайда, онымен ұзақ жолға шықпаған жөн.


Үштік

Жұмысыңыз қаржымен, жылжымайтын мүлікпен не сақтандыру жүйелерімен байланысты ма? Ендеше, көлік те, нөмір де тап сізге арналған. Аталған сала қызметкерлері үшін сәттілік, мол табыс әкеледі.


Төрттік

Мұндай көлік нөмірі иесінің материалдық жағдайы жақсы болады дейді нумерологтар. Себебі, қосындысы төртке тең болып шығатын барлық үштаңбалы сандар жиынтығы байлық шақырады екен.


Бестік

Үлкен отбасыға не ауыр жүк тасуға арналмаған. Тек такси болып табыс тапқысы келетіндер мен жұмысқа ғана мініп барып-келемін дейтіндерге ғана сәйкес келеді.


Алтылық

Үлкен отбасыға арналған. Сенімді, жайлы, ыңғайлы. Бұл нөмірдің энергетикасы да кішкентай сәбилі отбасылардың энергетикасымен сәйкес келеді.


Жетілік

Жалғызілікті өмір сүретін жандарға арналған. Біреуді анда, екінші біреуді мында тасып, рөліне иесінен өзге бөгде жандар отырып, көпшіліктің көлігіне айналдырса, қызметі көпке бармайды. Тіпті, салонда жүргізушіден бөлек жолаушының отырғанын да көтере алмауы мүмкін.


Сегіздік

Өте жайлы, жағымды нөмір. Мұндай нөмір иесінің жеке өмірде де, қызмет бабында да жолы болғыш, жетістіктері көп, табысы мол болып келеді.


Тоғыздық

Құқық қорғау, заң органдарында қызмет ететін жандар үшін таптырмайтын көлік. Оларды арам ниетті адамдардың теріс пиғылынан қорғайды. Өзінің де әділетсіздікке бой алдырмай, адал жолмен жүруіне ықпал етеді.

Аударған: А.Бектұрғанова,

ERNUR.KZ


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

ЖҰЛДЫЗНАМА БОЙЫНША: теңізде «тұрсаңыз», қандай тұрғын болар едіңіз?