КӨЛІКТІ ​ЕҢ ШЕБЕР және ЕҢ НАШАР жүргізетіндер кімдер?

0
3 490

Олардың көлігіне отыра қалсаңыз, абай болыңыз.


КӨЛІКТІ ​ЕҢ ШЕБЕР және ЕҢ НАШАР жүргізетіндер кімдер?

Астрологтар жасаған болжам мен статистикалық мәліметтер адамның жасы мен тәжірибесінен бөлек, жұлдыз белгісі де көлік жүргізу шеберлігіне әсер ететінін көрсетті. Сондықтан, ең жақсы жүргізушіні іздесеңіз, оның жұлдызына да бір қарап қоюға кеңес береміз.


1-орын – Арыстан, Егіздер және Шаян

Жұлдызды бірінші орынды бір емес, үш бірдей белгі өзара бөлісті. Өйткені, олардың шеберліктері бірдей деңгейде екен. Жол ережесін бұзу мен жол апатына ұшырау жөнінен ең аз көрсеткіш дәл осы белгі иелерінде. Тек Шаяндардың жол үстінде жиі дабыл беріп, басқа жүргізушілердің мазасын алатынын айтпасақ, басқасының бәрі тамаша.


2-орын – Бикеш

Қандай жағдайда да дер кезінде тежегішті басып үлгеретін, ешкімге зиянын тигізбейтін, есепке жүйрік жүргізуші. Жол үстінде өзінің алды-артынан бөлек, өз бағытымен қоса, қарсы бағыттағы автокөліктердің де – бәрінің қозғалысын жіті бақылап отыратын байқампаз жандар.


3-орын – Тауешкі

Тауешкілерге де кез келген көліктің кілтін сеніп тапсыруға болады. Өйткені олар межелеген жеріне жылдам жетуден бұрын, мейлінше тыныш, ешқандай жол-көлік оқиғасынсыз жетуді көздейді. Сондықтан газды барынша басу, жылдамдықты асыру бұл белгі иелеріне тән емес.


4-орын – Мерген

Көлік ығы-жығы болған үлкен жолда желікпе жүріс, түрлі трюктар жасап, басқалардың алдын орап кету өзіне тән емес екенін жақсы білетін, өз шамасын жобалай алатын жүргізуші. Соның арқасында жол-көлік оқиғаларына жиі ұшырамайды. Алайда, жанында жолаушы болса, сөзге қонақ беріп, ұялы телефонға жиі қарағыштап, ойы бөлініп кететіні бар.


5-орын – Торпақ

Тізбектің орта шенінен орын алғанына қарап-ақ керемет жүргізуші емес екенін аңғарған боларсыз? Олардың басты мәселесі – бағдаршам. Ылғи да жасылға тоқтаса, көп уақыт жоғалтардай болып, қызылға үлгеріп кетуге тырысады. Бірде үлгерсе, енді бірде асығыстығының салдары ереже бұзумен аяқталады.


6-орын – Сарышаян

Кең әрі теп-тегіс даңғыл жол былай тұрсын, кішкентай көшелер мен кептеліс кезінде де жарысуға дайын тұратын жүргізушілер. Жол үстінде басқа көліктің басып озғанын көрсе болды, өзін ұстай алмай жарыса жөнелетін әдеті бар.


7-орын – Балықтар

Табиғаты шығармашылыққа жақын, қиялшыл белгі иелері екені бұрыннан мәлім. Бұл ерекшелігі басқа кезде пайдасын тигізгенмен, көлік тізгіндегенде аздап кедергі келтіреді. Оларға жанында үнемі қиял әлемінен шынайы өмірге шақырып отыратын жолсерік керек.


8-орын – Тоқты

Олардың бір күні жол-көлік оқиғасынсыз өтсе, қуану керек. Көлігіне жолаушылап міне қалсаңыз, абай болып отырыңыз. Көбіне қырсық-қыңыр мінезі жағымсыз жайттарға ұшыратып жатады. Жол үстінде басқа көлік жүргізушілерімен жарысып, қырсығып, жиі дабыл беріп, конфликтке келіп қалады. Ондай кезде сөз түсінбейтін не өз қауіпсіздігін жете ойламайтын бала секілді болып кетеді.


9-орын – Суқұйғыш пен Таразы

Соңғы орынға екеуі бірге жайғасты. Өйткені, жол-көлік оқиғалары тіркелгенде көп жағдайда жүргізуші осы екі белгінің бірінде туылған болып шығады екен. Яғни, ең «апатты» әрі тәртіпке бағынбайтын, ережені сақтай алмайтындар санатына жатқызылады.

Аударған: А.Мейірханқызы,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:


Қандай сан Сізге сәттілік әкеледі?


Қауіпті күндерді алдын ала білуге бола ма?