​ҚИЫН СӘТТЕ қасыңызда ҚАЙ ДОСЫҢЫЗ қалады?

0
4 198

Кім басын ала қашады? Арқа сүйеуге болатын және сенімсіз адамдардың ара жігін ажырата жүріңіз.


​ҚИЫН СӘТТЕ қасыңызда ҚАЙ ДОСЫҢЫЗ қалады?

Жақсы күнде досың көп. Алайда басыңды бұлт шалса, біразын таппай қалу әбден мүмкін. Дос-жолдастар арасында уағдаласып, оның үдесінен шыға алмай жататын жайт та көп кездеседі. Қиын шақта қасқайып қасыңнан табылатын досың барын білу – бір бақыт. Ендеше, айналаңызға қараңыз да, кімнің сондай дос бола алатынын бағамдаңыз.


ТОҚТЫ

Қызуқандылық пен эмоцияға берілгіштігі олардың көп жоспарын бұзады. Жайшылықта қандай уәде берсе де, жеме-жемге келгенде сол сәттегі эмоция жетегіне еріп, басқаша әрекет етуі әбден мүмкін. Өзіне қандай да бір теріс әсері болатын немесе өзі басқаша болуын қалап тұрған жағдайда, эгосы жеңіп кету қаупі бар.


ТОРПАҚ

Олар үшін «уәде – Құдай аты». Сондықтан қандай да бір берген серті болса, көзсіз сенуге болады. Асқан сабырлы, шыдамды белгі иелерінің жауапкершілігі де өте үлкен, барлық жағдайда арқа сүйей аласыз.


ЕГІЗДЕР

Олардың ең мықты тұсы – сөзге шеберлігі. Жайшылықта өте әдемі сөйлейді, алайда іске келгенде көбіне сөзіне сай келмей жатады. Сондықтан, уәделерінің көбі сылдыр сумен тең. Бұл үшін Егіздерді кінәлауға болмас, бәріне кінәлі – олардың осындай жаратылысы және ұмытшақтығы.


ШАЯН

Өте жауапты, өз ар-ұяты алдында да, өзгенің алдында да адал, абыройлы болуды бірінші орынға қояды. Осы ұстанымы уәдеден таюына, қиын шақта досының жанынан табылмауына жол бермейді.

АРЫСТАН

Олар барлық жерде көшбасшы болғанды жақсы көреді. Соған сәйкес көшбасшының міндетін де жақсы біледі және лайықты деңгейде орындауға тырысады. Қай досы қандай қиындыққа тап болса да, жағдайды өз қолына алып, мәселенің мәнін анықтап, шешімін табуға да белсенді атсалысады.


БИКЕШ

Жаратылысынан үлкен жауапкершілік иесі және өте адал жандар. Өз сөзін желге ұшырғанды суқаны сүймейді. Уәе берсе, міндетті түрде орындайды. Дос-жаран боп сыйласып жүрген жандарға көмек керек бола қалса, қолынан келгенін аянбайды.


ТАРАЗЫ

Ішкі әлемінде әділдік пен адалдықтың тезі бар белгі иелері әлемде тепе-теңдік, тыныштық, бейбітшілік, мамыражай тіршілік орнауы үшін барын салады. Жақын досы былай тұрсын, жай ғана жүзтаныстың өзі көмек сұраса, қол ұшын созудан құр қалмайды. Оларға сенім артуға әбден болады.


САРЫШАЯН

Олар – нағыз дос бола алатын жандар. Әрқашан адал және ұстанымға берік. Нағыз дос қандай болуы керек, сол талаптардың бәріне сай болуға тырысады. Әсіресе, берген сертіне берік.

МЕРГЕН

Олар өз досын ғана емес, әлемдегі әр әлсіз жанды құтқаруға құштар. Бәріне көмектесем деп, беліне өзі көтере алмайтын шоқпарды байлап алады. Ақыр соңында бірнешеуіне ғана үлгерер, біршамасын ренжітіп алады. Ренжігендер қатарында сіз де болуыңыз әбден мүмкін.


ТАУЕШКІ

Белгі иелері берген сертін орындау және біреуге жақсылық жасау үшін барын салады. Әсіресе, жақын туыстары мен достары үшін жанын беруге бар. Сондықтан оларға кез келген уақытта көмек сұрап хабарласа аласыз, ешқашан бетіңізді қайтармайды. Тек осы қасиетін асыра пайдаланудан аулақ болсаңыз болғаны.


СУҚҰЙҒЫШ

Жалпы, Суқұйғыштарға сенім артуға болады. Алайда, олардың мойнында үнемі өзі көтере алатыннан артық жауапкершілік, ауыр жүк жүретінін де ескеру керек. Кезек күтіп тұрған мың сан шаруасы бар. Осы жағынан алғанда, дәл сізге қажет кезде көмек қолын созып үлгере алмай қалуы әбден ықтимал.


БАЛЫҚТАР

Олар өздерін үнемі ерлік жасауға итермелеумен жүреді. Досының басына күн туса, жанынан табылу, көмекке мұқтаж жанға жәрдемдесу, берген уәдесінен таймай, орындау, т.с.с. – олар үшін ардақты іс. Сондықтан, «амал досқа» тән амал жасап кетеді деп қорықпаңыз.

Аударған: А.Мейірханқызы,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

ЖҰЛДЫЗБЕЛГІЛЕР жайлы ҚЫСҚА да НҰСҚА әрі ҚЫЗЫҚ