Кімдер вирустық инфекцияны тез жұқтырады?

0
3 340

Астрологтар кімдердің вирусты тез жұқтырып алатынын, қай белгі иелерінің иммунитеті мықты екенін айтты.


Кімдер вирустық инфекцияны тез жұқтырады?

Кей адамдар тумысынан аурушаң, айдалада кетіп бара жатқан аурудың өзін жұқтырғыш болады. Енді біреулер дәл қасында тасымалдаушы отырса да, оның бойындағы вирусты өз ағзасына өткізе қоймайды. Мұндағы мәселенің мәні иммунитетте екенін айтпаса да түсініп отырған боларсыз. Ал енді кімнің ағзасының қорғаныш жүйесі қаншалықты мықты не әлсіз екенін жұлдыз белгілеріне қарап болжауға болатынын білу-білмеуіңіз екіталай.


Тоқты

Табиғат мықты иммунитетті сыйға тартқа белгі иелерінің бірі – Тоқтылар. Бірақ соның қадірін біліп, денінің саулығына, жеке бас гигиенасына ұқыппен қарайтындары аз. Сондықтан, жасы ұлғая келе қорғаныс қабілеті әлсіреп, бір бойына бірнеше ауру дарытып алатын жағдай жиі кездеседі. Әсіресе, бас сақинасы, құлақ қабынуы, тіс аурулары жиі мазалайды. Әйткенмен, тұмау, жедел респираторлы инфекция секілді вирус арқылы келетін келеңсіздіктер Тоқты иммунитетінің мықты қамалын оңайлықпен бұза қоймайды.


Торпақ

Олардың да денсаулыққа айтар шағымы көп болмауға тиіс. Себебі, табиғат Торпақтарға мықты иммунитетпен қоса асқан төзімділік берген. Аурудан жеңіліп, төсек тартып жатуы өте сирек орын алады. Әлсіз тұсы – тамақ пен көмейі. Осы тұстардан ұстайтын тонзиллит, ангина секілді аурулардың біршамасы белгі иелеріне жақсы таныс. Әрдайым жылы киініп, мойынорағышын тастамаса, жылы су ішіп, салқын сусындарға ұрынбаса, ешқандай сырқатқа шалдықпайды.


Егіздер

Жаратылысынан өкпесі мен өкпе түтікшелері әлсіз болып келеді. Осы себептен бронхит, плеврит, астма, пневмония сынды сырқаттар белгі иелерінен жиі байқалады. Ал, көптеген вирустық инфекциялар тыныс жолы арқылы еніп, өкпеге барып түсетіні, аурудың бірінші сатысы өкпенің қабынуы болатыны белгілі. Бұл келеңсіздіктердің де алдында Егіздер әлсіз. Сондықтан, денсаулығын қашан да басты назарда ұстап, маман кеңестері мен нұсқаулықтарын уақытылы әрі тиісінше орындап, аурудың алдын алып жүру ең алдымен өзіне керек шара. Толыққанды ұйқы мен не болса соған күйіп-піспей, өзін сабырлы ұстауы да маңызды рөл атқарады.


Шаян

Инфекцияны бірінші болып магнитше тартып алады. Негізгі себеп иммунитеттің әлсіздігінде емес, тым сезімталдығында болуы мүмкін. Білетініміздей, жеке баста орын алып, мазаны қашырған, сарыуайымға салған кез келген кішігірім мәселе қандай да бір аурудың бастамасы бола алады. Өйткені, иммунитет бар күшін көңіл-күйді көтеруге жұмсап қояды да, ауруға, инфекцияларға қарсы шығар қауқары қалмайды. Сондықтан, Шаяндарға айтылар негізгі үш кеңес: күйзеліске, уайымға берілмей, жақсы ойлар ойлау; жеке бас гигиенасын, сақтық шараларын сақтау; дәруменді азықтар, дәрумендер кешенінің көмегімен иммунитетті барынша нығайту.


Арыстан

Бойлары қуатқа толы, қашан да айналысар бір іс іздеп жүретін белгі иелері осы белсенділігінің арқасында анау-мынау ауруды жұқтыра қоймайды. Инфекциялық ауруларға мүлдем шалдықпайды деуге де болады. Шалдыққан күнде де мұрынның бітелуі, жайсыздық сияқты симптомдармен жеңіл түрде өтіп кетеді. Тек, жүрек дерттерінен, күйзелістен сақтанып жүрсе болғаны.


Бикеш

Әдетте олар денсаулығына қатысты көп шағым айта бермейді. Бірақ, бір нәрсені қатты уайымдаса, ұзақ уақыт көңіл-күйі болмаса, қыңқыл-сыңқылы көбейіп кететіні бар. Жай күндердің өзінде кеңістік тазалығы мен жеке бас гигиенасына баса мән беретін әдеті бұл жағдайда аурудан да бетер асқынып кетеді. Нәтижесі белгілі: көңілсіздік, ашушаңдық, күйзеліс, иммунитеттің одан әрі төмендеуі. Осы жағдайға түспес үшін айналада болып жатқан жағымсыз жайлардан, негативтен көңілін аударып, ойын жақсы жаққа бөлгені пайдалырақ.


Таразы

Иммунды жүйесі керемет мықты да емес, аса аурушаң да емес. Таразының ағзасы жеңіл-желпі вирустардан келетін соққыны көтере алады. Тек емдеу шараларын дер кезінде бастаса болғаны.

Есесіне, бүйрек пен омыртқа жүйесі сырқаттарынан сақтанғаны абзал. Арқа-белді әрдайым жылы ұстап, ауыр зат көтермей, бүйрек жұмысына көмегі тиетін шайларды жиі ішіп жүрген жөн.


Сарышаян

Сарышаянның мінезі қатты, ішкі рухы мықты болғанымен, иммунды жүйесі соншалықты мықты емес. Белгі иелері арасында тамақ, жүрек, арқа сүйектері ауррулары көп кездеседі. Сонымен қатар, түрлі инфекциялар тудыратын маусымдық аурулар өршіген шақта аса сақтық танытқаны дұрыс. Әсіресе, ауа-тамшы жолдарымен жұғатын түрлерінен. Жалпы, Сарышаяндар денсаулығының негізгі кепілі – дұрыс тамақтану мен физикалық белсенділік.


Мерген

Жақын маңдағы вирустар мен инфекцияларды бірінші болып бойына жұқтырып алатындар қатарынан. Оған қоса, өкпе, тыныс жолдары ауруларына тез ұшырайтыны тағы бар. Сондықтан, осы ағза аймақтарында туындауы мүмкін барлық жайсыздықтан сақтанып, аурудың алдын алу шараларын жасап жүрген дұрыс.


Тауешкі

Тауешкілер табиғатынан ең мықты иммунитетке ие. Сондықтан, белгі иелеріне белең алып тұрған жұқпалы дерттен аса үрейленбеуге болады. Тиісті сақтық шараларын жасап жүрсе болғаны. Оның орнына бар назарын психологиялық жай-күйіне, буындарына аударса құба-құп. Өйткені, Тауешкілердің денсаулыққа келгенде осыл тұстары – осылар.


Суқұйғыш

Белгі иелерінің бойында мол қуат қоры бар, сондықтан анау-мынау ауруға дес бере қоймайтындар қатарынан. Әсіресе, ауа арқылы берілетін респираторлы инфекциялармен күресте әсте жеңіле қоймайды. Денсаулығына қатысты мәселе жүйке жүйесі мен қанайналым жүйесі жағынан туындауы мүмкін. Сондықтан, Суқұйғыштарға эмоциясын қадағалап, өз көңілін өзі көтеріп, В және Е дәрумендері мол азық-түліктерді жиірек тұтынып жүруге кеңес беремыз.


Балықтар

Өкінішке орай, белгі иелері тумысынан мықты иммунитетке ие емес. Аурушаңдар қатарынан табылатын Балықтар көп. Вирус арқылы жұғатын дерттерге шалдығу мүмкіндігі де жоғары. Бұл бір жағынан сезімталдығына, жүйкесінің әлсіздігіне, күйзеліске берілгіштігіне, не нәрсені болсын жүрекке жақын қабылдайтынына байланысты болуы да ықтимал. Егер шаршаңқылық, стресс, эмоционалдық ашығу сезімдерімен өзіңіз күреспесеңіз, иммунитет әлсіреген үстіне әлсірей береді. Нәтижесінде айналаңыздағы барлық ауру-сырқауды, инфекция-вирустарды магнитше тартатын ағзаға аналуыңыз ғажап емес.

Аударған: А.Мейірханқызы,

ERNUR.KZ

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


СІЗДІҢ ҮЙдің ДИЗАЙНЫ қандай болуы керек?


ТЕКСЕРІП КӨР: Сүйгеніңізбен сөзіңіз жарасып, тағдырыңыз тоғыса ма?

.