ҚАЙ ЖЕРІҢІЗ ауырады? АЛАҚАНҒА ҚАРАП біле аласыз

0
8 300


ҚАЙ ЖЕРІҢІЗ ауырады? АЛАҚАНҒА ҚАРАП біле аласыз

Хиромантия – астрология, нумерология секілді адам жайлы біраз мәліметті болжайтын ежелден келе жатқан жүйе. Оның ақпарат көзі – алақан.

Алақанға қарап болжам жасау соншалықты қиын емес. Тек ондағы сызықтардың атын және мәнін жаттай жүрсеңіз болғаны. Бүгін денсаулық сызығының түрлері және олардың сипаттамаларымен танысып көрейік.

Денсаулық сызығының басталу-аяқталу нүктесі нақты болмайды. Сондықтан кей адамдардың алақанына қарағанда бірден аңғару қиынға түсуі мүмкін. Тереңірек үңілсеңіз, шынашақтың астыңғы жағынан басталып, төменге қарай жылжып, бас бармақтың астыңғы жағымен аяқталатын сызық байқалады. Міне, осы – денсаулық сызығы. Ал мүлдем байқамадым, жоқ десеңіз, бұл – ол кісінің денсаулығында ешқандай мәселе де жоқ, бәрі керемет дегенді білдіреді.


Сызық түрлері

Толқынды немесе үзік сызық


Толқынды сызық асқорыту жүйесінде мәселе барын және бауыр не өт қабы жұмысының әлсірегенін білдіреді. Асқазан-ішек жолдарының қауіпті бұзылысы болуы да әбден мүмкін.

Үзік сызық та асқорыту жүйесі қызметін дұрыс атқармай жатқанының белгісі.


Қысқа сызықтармен айқасқан


Линияны қысқа сызықтар кесіп өтіп жатса, бұл – денсаулық нашарлағанының көрінісі. Сондай-ақ, өміріңізде бақытсыз жағдайлар көп орын алады дегенді де білдіреді.


Қысқа немесе бірнеше сызықшалардан тұрады


Өте қысқа немесе бірнеше бөлікке бөлінген сызық та денсаулық жағдайыңыздың мәз еместігін хабарлайды. Ауру-сырқауға жиі ұшырайсыз әрі бойыңызды әлсіздік басқан.


Сызық айналасындағы белгілер

Арал


Сызық бойында бірнеше дөңгелек «аралдар» болса, бауырыңызда қандай да бір дерт бар деген сөз. Сондай-ақ, бүйрек, тыныс жолы мүшелерінің жұмысында да ақау бар.


Шынжыр


Денсауық сызығы шынжыр бейнесінде түскен болса, бұл да бауырда үлкен мәселе барын білдіреді.

Жұлдызша


Сызық бойында не ұш жағында орналасқан жұлдызшаға ұқсас әжімдер жақындарыңыздың қолдауына, көмегіне мұқтаж екеніңізді білдіреді. Сонымен қатар, мұндай белгіні көзі шалса, хироманттар алақан иесінің әйел не еркек екеніне қарай екі түрлі болжам жасайды. «Жұлдызды» әйел адамдар көбіне дүниеге бала әкелу процесіне біршама қиындықтарға тап болады екен. Оларға бала көтеру, жүктілік кезеңі немесе босану сәті оңайға түспейді дейді. Ер кісілерде де әдетте ұрық бөлу мүмкіндігі төмен болғандықтан, ұрпақ жалғастыруы қиынға түсетін көрінеді.


Шаршы


Денсаулық сызығы бойында орналасқан шаршы қандай да бір жүрек ақауын не осыған дейін жүрек ауруына байланысты жасалған отадан хабар береді.


Айқыш


Сызық бойына айқыш түрінде тағы да сызықшалар түссе, әр нәрсеге шалынғыш, ұрыншақтығыңызды білдіреді. Жүрген жеріңізде аяқты нық басып, сақтана жүруді ұмытпаңыз. Өйткені, мұндай ұрыну-шалынулар денсаулығыңызға айтарлықтай соққы беруі әбден мүмкін.


Үшбұрыш


Сызық бойындағы үшбұрыш психикалық жай-күйіңіздің мәз еместігін, жүйке жүйеңізге көңіл бөлу керегін аңғартады.


Сызық ұзындығы

Бас сызығымен қиылысса


Денсаулық сызығы шынашақ түбінен басталып, бас сызығымен қиылысып барып тоқтайтындар ақыл-ой еңбегіне бейім кісілер болып келеді. Алайда миға шамадан тыс салмақ салып жіберсе, бұл барлық ағзасына кері әсер етіп, денсаулығын нашарлатуы мүмкін. Әсіресе орта жасқа жақындағанда күтім мен демалыс көбірек керек.


Венера дөңесіне дейін жетсе


Бас сызығынан да әрі асып, Венера дөңесіне жетіп жығылатын ұзын сызық иесі жүрек-қантамыр жүйесінің ауруларының алдын алғаны жөн.


Өмір сызығына жетіп тоқтаса


Өмір сызығымен ұштасып тоқтаған денсаулық сызығы да аса жақсы белгі емес. Мұндай кісілерде жүрек-қантамыр жүйесінің жұмысы нашар болуы мүмкін. Сәйкесінше, қанайналым да нашар.


Жүрек сызығынан басталып, бас сызығымен аяқталса


Мұндай қысқа сызық иесінің өмірдің соққыларын, тағдырдың қиындығын көтере алатын мықтылығынан хабар береді.


Білезікке дейін созылса


Алақанды кесіп өтіп, білезік тұсына дейін жетіп тоқтаған денсаулық сызығы иесінің денсаулығы туғаннан нашар екені, өмірінің соңына дейін өзін емдеумен алысатыны жайынан ақпар береді. Тез шаршап, ауру-сырқауды да тез жұқтырады. Қайта қалпына келіп, еңсесін тіктеуі қиын.


Айқасқан екі сызық


Кей кісілерде денсаулық сызығы біреу емес, екеу болып жатады. Олар айқасып түссе, энергиясы аз, ағзасы әлсіз, бойында емдеп жазуға келмейтін, тек күтімді керек ететін созылмалы ауру бар деген сөз.


Үшбұрыш


Денсаулық, бас және өмір сызықтары бір-бірімен ұштасып, үшбұрыш пішінін құрап жатса, бұл жақсылықтың нышаны. Үшбұрыш қаншалықты үлкен болса, денсаулық та соншалықты мықты деген сөз.

Аударған: А.Мейірханқызы,

ERNUR.KZ


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:


Еріңізді «ЕРІТІП» жіберетін БІР ҒАНА ӘДІС