ИПОТЕКАҒА ЖОЛАМАҢЫЗ: Кімдерге НЕСИЕ алуға болмайды

0
1 878

Несие алмас бұрын бұл кеңеске бір көз жүгіртіңіз...


ИПОТЕКАҒА ЖОЛАМАҢЫЗ: Кімдерге НЕСИЕ алуға болмайды

Қаржылық сауаттылық адамға ең керек білімдердің қатарында болып тұр. Ғылымның дәл осы саласына жетік болмағандықтан, бүгінде көпшіліктің айлығы шайлығына жетпейді. Ол аз десеңіз, қарыз бен кредит құрдымына түскендер қаншама.

Рас, несие алып, оны тиімді пайдаланып, үстінен табыс тауып, соңыра қарыз берушіге өсіммен қайтаруда қиналмайтындар бар. Ал енді біреулер кредиттің арқасында кәсібін алға бастырып, нәсібін айырғысы келеді. Бірақ, ойлағаны орындалмай, тірлігі кері кетіп, банк пен өсімқорға белшеден қарыз болып қалады.

Бұл тұрғыда астрологтардың өз қосары бар. Мамандардың айтуынша, кей жұлдызбелгісі иелеріне кредит, ипотека сынды өсіммен қайтаратын қарыз түрлеріне мүлдем жоламау керек екен. Алған жағдайда олардың ұтатынынан ұтылары көп болады-мыс.


Тоқты

Тәуекелге көп бас тігеді. Көп жағдайда ол ақталмай жатады. Қаржыға келгенде де солай. Несие аларда жоспарын жақсылап құрып, ұсақ-түйекке дейін есептейді. Әйткенмен қолына ақша тиген соң эмоцияға ерік беріп, мүлдем қажетсіз нәрселерге жұмсап жіберуі мүмкін. Нәтижесінде еншісінде қажетке жарамайтын бұйым мен қарыз және оның өсімі қалады.

Осы себептен жұлдызшылар белгі иелерін өсімге ақша, зат, ипотекаға үй, бөліп төлеуге бұйым алудан аулақ болуға шақырады.


Торпақ

Білімді де білікті қаржыгер. Несиені тек өмір сапасын жақсарту, кәсібін өрге шығару мақсатында алады. Сол мақсатқа жұмсайды да. Сондықтан, көлемді кредит те, ипотека не бөліп төлеу де олар үшін алынбас қамал емес.


Егіздер

Белгі иелерінің ақшамен қарым-қатынасы қиын да күрделі. Кірісі аз, шығыны көп. Маңызды қажеттіліктер мен уақытша қызығушылықты ажырата бермейді. Қалағаны бірден бола қалса дейді. Сондықтан, көбіне қарыз сұрауына не несиеге жүгінуге тура келеді.

Әйткенмен, кіріс көлемі артпайтындықтан, қарызы күн сайын еселене түсетінін ұмытпаған абзал.


Шаян

Несие алып тірлікті алға бастыруға болатынына сенбейді. Тапқанына қанағат етуді, қолында барға ғана сенгенді дұрыс санайды. Несие алуға мәжбүр болған күннің өзінде бүге-шігесіне дейін есептеп, тиімді де ұтымды нұсқаны іздейді. Қарыздан құтылмайынша шығындарын барынша шектейді. Тіпті, түн ұйқысынан айрылуы мүмкін. Сондықтан, жүйкесіне салмақ түсірмеу үшін несие, қарыз дегенге жоламағаны дұрыс.


Арыстан

Белгі иелерінің сән-салтанатты жақсы көретіні аян. Өзінен ештеңе аямайды, бар қалауына қол жеткізгісі келеді. Сол жолда барын шашудан, тіпті жетпегенін қарыз, несие алып жеткізуден тайынбайды. Ол кезде «қашан қайтару керек, қалай қайтарамын, өсімі қанша пайыз» деген сұрақтар толғандырмайды. Бастысы, өмірінің жайлы да сәнді болуы. Осы әдеті белгі иелерін жиі қаржылық тығырыққа әкеп тірейді.


Бикеш

Қашан да ұтымдылыққа басымдық береді. Сындарлы ойлау, саралау қабілеті жақсы қалыптасқан. Соның арқасында орынсыз шығынға, аса қажеттіліксіз қарызға жол бермейді. Несие не ипотека алған жағдайда да пайызы аз болуына баса мән береді. Сондықтан, олар үшін несие алып, оны қажеттілігіне жұмсау, кейін өз жоспары бойынша өтеп құтылу аса қиын емес.



Таразы

Жайлы өмірді, бағалы дүниелерді жақсы көреді. Бірақ ол қажеттіліктерін өтеуге табысы жете бермейді. Сондықтан көбіне банк көмегіне жүгінуге тура келеді. Осы әдетінен арылмаса, несие берушілердің құрығына түсіп, құтылуы қиын болады.


Сарышаян

Қаржылық сауаты жоғары. Табысы шығынын толықтай өтейді. Қымбат затқа қаржысы жетпесе, арзан нұсқасын іздейді. Өйткені қарыз бен несиеден аулақ жүруге тырысады. Алайда, кәсіп ашу немесе жылжымайтын мүлік үшін несие алудан қорықпауына болады. Бұл белгі иелеріне сәттілік әкеледі.


Мерген

Ақшаны ақылмен жұмсай біледі. Кіріс-шығысын жіті бақылауда ұстайды. Қарыз не несие алуға асқан сақтықпен қарайды. Есеп-қисапты жақсы жүргізе білгендіктен, несиені шамасы келетін сомада ғана алады.


Тауешкі

Біреуге қарыз бола қалса, құтылғанша асығып, мазасы қашады. Осы әдетін білгендіктен, қандай қажеттілік болса да, қарыз не несие алуға асықпайды. Оның орнына барына қанағат етуді құп көреді. Соның арқасында несие жүгін арқаламай, тыныш өмір сүреді.


Суқұйғыш

Ақшамен қарым-қатынасы жақсы емес. Сауаттың аздығынан өмір бойына біреуге қарыз болып жүреді. Банкке де көлемді сома берешек болуы ғажап емес. Сөйте тұра, Суқұйғыштар мұны үлкен мәселе көрмейді. Қажеттілік туса, өз жайлылығы үшін қарыз үстіне қарыз жамаудан, бірнеше несиеге қатар құжат рәсімдеуден қорықпайды. Әлбетте, кейін оларды өтеу үлкен қиындықтар туғызады. Сондықтан, астрологтар бұл белгі иелеріне де банктен аулақ жүруге кеңес береді.


Балықтар

Біреуге берешек болғанды суқаны сүймейтіндер қатарынан. Сондықтан, қандай қажеттілік болса да, қолындағы барымен ғана өтеуге тырысады. Жетпесе, қажеттілік қатарын азайтады. Несие сұрап банкке барған күнде де өте аз мөлшерде қысқа мерзімге ғана алуы мүмкін. Қомақты қаржы не ипотекаға үй алуға деген қорқынышын астрологтар да құптайды. Бұл Балықтарды көптеген келеңсіздіктен сақтайды.

Аударған: А.Мейірхан,

ERNUR.KZ