​Белгі иелерінің тазалығына астрологтар қандай баға береді?

0
5 393

Кейде ерлі-зайыптылардың тазалық сақтау деңгейлері түрліше болғандықтан ғана тіл табысу қиынға түсуі мүмкін.


​Белгі иелерінің тазалығына астрологтар қандай баға береді?

Үйленіп, үй болған соң көптеген тұрмыстық мәселелер туындайды. Солардың бірқатары тазалыққа қатысты. Кейде ерлі-зайыптылардың тазалық сақтау деңгейлері түрліше болғандықтан ғана тіл табысу қиынға түсуі мүмкін. Келіннің де көп сыналатын тұсы – осы. Сондықтан, болашақ жар таңдағанда оның қаншалықты тазайын екенінен де алдын ала хабардар болған жөн. Бұл үшін белгісін білсеңіз болғаны, ары қарайғысын астрологтар айтып береді.


Тоқты - 12%

Тазалық жұмыстарын жүргізуді аса жақсы көрмейді. Қашанда одан да маңызды шаруа тауып алады. Оның үстіне түрлі кәдесый, босаған қораптар мен құтыларды, кейде пайдасыз заттардың өзін жай ғана әдемі болғаны үшін жинағанды ұнатады. Осындай қаптаған кәкір-шүкірлерді реттеп, керегі мен керексізін ажыратып, артығын тастау үшін көп уақыт керек болады. Ал Тоқтыларда ондай уақыт табыла бермейді.


Торпақ - 100%

Шаң-тозаң, шашылу дегенді суқаны сүймейді. Көзіне көлденең жатқан бір жіп түссе болды, үйдің ішін аударып-төңкеріп тазалауды бастап кетеді. Айналасындағы адамдардан да мұнтаздай тазалықты талап етеді. Талабы орындалмаса, кімнің болмасын тас-талқанын шығаруға бар.


Егіздер – 49%

Кейде тым тазайын, бұрыш-бұрыштың бәрін айнадай жарқыратып қояды. Енді бірде шаршағанын алға тартып, шашылып жатқан заттарға, шаң-тозаңға қолын бір сілтеп, жата қалады. Бәрі де көңіл-күйіне, денсаулық жағдайына байланысты.


Шаян – 70%

Жалпы, үй тазалауға, реттеуге келгенде алдына жан салмайды, жақсы да көреді. Алайда, жүйелі түрде емес. Көбіне олардың үй жинауы естеліктер мен еске алуларға ұласып кетеді. Өйткені, Шаяндардың әр затының терең тарихы бар. Әдепкіде бұрқыратып үй тазалап жүрген Шаянның біраздан соң бәрін қоя салып, бір затты ұстап алып, ағыл-тегіл жылап не қуанып, өміртарихынан сыр шертіп отырғанын көрсеңіз, таң қалмаңыз.


Арыстан – 60%

Арыстандарды сырт келбетіне қарап ақсаусақ деп ойлайтындар қателеседі. Шын мәнісінде, дизайнын бүге-шігесіне дейін өзі ойластырған бөлмесін, бағалы бұйымдарын ешкімге сеніп тапсыра алмайды. Оларға қатысты тазалық жұмыстарын үлкен махаббатпен өзі атқарады. Ал, жалпы ыдыс-аяқ жууды, ас бөлме не жуынатын бөлме тазалығын басқаларға тапсыра салғанды жөн көреді.


Бикеш – 99%

Бикештердің екінші аты – перфекциоизм. Олардың ешқашан ештеңеге көңілі 100 пайыз толмайды. Үй тазалығына келгенде де солай. Жинап, сыпырып шықты ма, енді шаң сүрту қажет. Шаң сүртілсе, киімдер жуылуға тиіс. Олар жуылып бітсе, тағы бір істі тауып алады. Бір жақсысы, мұны мойнына артылған міндет деп емес, өзі үшін жасалатын қалыпты тірлік деп қабылдайды.


Таразы – 50%

Олар бір нәрсеге толығымен беріліп кетпейді, барлық уақытта балансты ұстап тұруға тырысады. Оған қоса, ішінде үнемі жалқаулық пен пысықтықтың үздіксіз текетіресі болып жатады. Осы себептерден тазалыққа қатысты көзқарасын елу де елу деуге болады. Басты нәрселерге назар аудара біледі. Айталық, төсек жаймасы кіршіксіз таза, тегіс бола тұра, кереует жанындағы тумба үстінде шай қалдықтары қатып қалған шыныаяқтар тұруы әбден мүмкін.


Сарышаян – 5%

Бұл кісілердің басын қатыратын сұрақ – «Неге адам онсыз да қысқа өмірінің жарты бөлігін үй жинап, кір ысқылаумен, еден сүртумен өткізуге тиіс? Бұл үшін клининг қызметін ұсынатындар бар емес пе? Тіпті болмағанда, достардан, туыстардан неге көмек сұрамаймын?» Осындай ой оларға үй-жайын мұнтаздай таза ұстауға кедергі. Тек, жеке бас гигиенасына, киім-кешек пен жеке бұйымдар тазалығына ғана баса мән береді.


Мерген – 42%

«Үйді жинап-тазалау керек» деген ой миында үнемі айналып тұрады. Бірақ, жеме-жемге келгенде аңсары басқа нәрсеге ауып кетеді. Мәселен, сүйікті сериалы басталса не достарымен қыдырудың сәті түссе, тазалық жұмыстарын кейінге ысыра салады. Бел шешіп кіріскен кезде түкпір-түкпір, бұрыш-бұрыштан түк қалдырмай тазалайды.


Тауешкі – 90%

Олар үйді қайта-қайта жинап-тазалаудан көрі, таза тұрған күйін сақтап, шашпауға тырысқан жөн деп санайды. Бір кіріскенде барынша мұнтаздай тазалық орнатып, соны ұзақ уақыт бойы сақтауға тырысады.


Суқұйғыш – 5%

Белгі иелері шаңсорғыш пен сыпырғыш алып, шаң-тозаңмен арпалысқаннан көрі басқа өзіне қызық нәрсемен айналысқанды құп көреді. Үйдің шашылып жатқанын «шығармашылық шабытпен» ақтап алғысы келеді. Аяқ астынан үйге қонақ кеп қалса ғана жедел жинауға кіріседі.


Балықтар – 75%

Шығармашыл Балықтардың өмір сүруіне шашылып жатқан киім, шаң басқан шкафтар, тозаңданған сөрелер еш кедергі келтірмейді. Ал, зәуде бір шабыты ашылып тазалық жұмысына кірісе қалса, үйінде үлкен өзгерістер орын алады деп күте беріңіз. Жиһаздардың орнын ауыстыру былай тұрсын, әрлеу-сырлау, жөндеу жұмыстарын бастап жіберсе, таң қалмаңыз.

Аударған: А.Мейірханқызы,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:


ТЕГІН өзгерткен адамның ТАҒДЫРЫ да өзгереді