​Астрологтар болжамы: 2022 жылы туған балалар қандай болады?

0
5 234

Тәрбие беруде баланың туған жылына сай басты ерекшеліктерін ескеру керек.


​Астрологтар болжамы: 2022 жылы туған балалар қандай болады?

Болжамшылардың айтуынша, туған күнінде екілік саны бар адамдардың түйсігі өте жақсы дамыған болады екен. Ал 2022 жылы жүниеге келгендердің ең кем дегенде үш екілігі болады.


Туған күн датасында екі саны көп болған сайын, интуициясы, адамдардың, жануарлардың, тіпті, жансыз заттардың да энергиясын сезіну қабілеті күшейе береді екен.

Өмірге өзгеше көзқараспен қарайтыны, ата-анасымен ойы, пікірі бір жерден шықпайтыны кішкентайынан-ақ байқалады. Өсе келе олар өз ойының дұрыстығын дәлелдеуге барын салатын болады.

Бұл жылы әділетсіздікке төзбейтін, әлсіздерге қорған болатын, ерік-жігері күшті, рухы биік, өзінің және өзгенің құқығын қорғауда табандылық таныта алатын кішкентай «Арыстандар» дүниеге келеді.

Бір кемшін тұсы – олар эмоцияға тым қатты беріледі және психикасы тұрақсыз, мінезі құбылмалы. Өте тұйық, көп сөзге жоқ, көпшілік ортаны ұнатпайтын жан болуы да әбден мүмкін.

Туған күніндегі екіліктер басқалардың негативті энергиясын, нашар көңіл-күйін, жайсыздығын, әлсіздігін, басқа да кез келген жағымсыз нәрсесін өзіне тартатыны да бар. Егер өз қабілетін дұрыс басқаруды үйренсе, кісі емдеу, жолын ашу сияқты қызметтер қолынан келеді.

2022 жылы туған баланың тәлім-тәрбиесіне қатысты жұлдызшылар кеңесі болашақта міндетті түре кәдеңізге асады:

  • Қыз баланы тым болмаса бір спорт түрімен айналысуына мүмкіндік беріңіз. Міндетті түрде;
  • Денсаулығына жіті мән беріңіз, олар мықты әрі шыныққан болып өсуі тиіс;
  • Бұл балаларға бос селтең жүріс, ырду-дырду ойын-сауық тән емес. Барлық бос уақытын пайдалы іспен өткізуіне жағдай жасаңыз. Энергиясын пайдалы жаққа бағыттаңыз.
  • Өзінен бұрын және кейінгі жылдары туған балалардан айқын өзгешелігі болса, бұл оның кемшілігі емес, керісінше артықшылығы екенін ұқтырыңыз;
  • Барлық бастамалары мен идеяларына қолдау білдіріп, ойға алғанын іске асыруға көмектесіңіз. Ол үшін ата-анасының пікірі қашан да маңызды болмақ;
  • Өсе келе әрбір жақсы сөзі мен ісі үшін мақтап-мадақтауды ұмытпаңыз;
  • Гипербелсенді және эмоционалды болғаны үшін ұрсып, жазғырмаңыз;

Әрине, бала тәрбиесі – ұзаққа созылатын, ауқымы өте кең процесс. Сондықтан, бұл кеңестер жеткіліксіз болуы да мүмкін. Бірақ, тәрбие беру барысында баланың туған жылына сай басты ерекшеліктерін ескере отырып, осы кеңестерді негіз етіп алсаңыз, қате болмайтыны анық.

Дайындаған: А.Мейірханқызы,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:


ОСЫНЫ жасасаңыз, ТАБЫСЫҢЫЗ бірнеше есеге артады