АДАЛ ДОСыңыз көп пе, АМАЛ ДОСыңыз көп пе?

0
7 065

Жолдасыңыз жаныңызда не үшін жүр?


АДАЛ ДОСыңыз көп пе, АМАЛ ДОСыңыз көп пе?

Кімнің де болмасын айналасындағы маңызды адамдардың бірі – достары. Қиындықта да, қызықшылықта да достар керек-ақ. Алайда, кейде адал доспен бірге, жақсылықта жаныңнан табылып, қиындық туа қалса, табанын жалтырататын амал достар да кездесіп жатады.

Ендеше, дос-жолдастарыңыздың қайсысы сізбен не үшін достық құрып жүргенін, қай қасиетіңізді бағалайтынын біле жүрген артық болмайды.


ТОҚТЫ

Сіз бетке тіке айтатын адамсыз. Достарыңызға да кемшілігі, қатесі болса бетіне айта аласыз. Мәжбүрлі түрде болса да шындыққа тура қарауына сеп боласыз. Мұндай мінезді адамның жанынан тек адал достары ғана қашып кетпейді. Дәл қазір достық ортаңыздағы жандар санаулы ғана болса, олардың бәрін жан жолдасым деп біліңіз.


ТОРПАҚ

Өте көңілді, ашық-жарқын адамсыз. Тез тіл табысасыз. Анау-мынауды өңілге ала бермей, барлық жағдайды жеңіл қабылдауға, жеңіл өткізуге тырысасыз. Осы мінездің арқасында айналаңызға адамдар үйір. Ойын-сауық арасында байсалды да болып, достарыңыздың шынайы бейнесіне терең үңіліп, жалған достық атын жамылғандарды іріктеп отыру маңызды.


ЕГІЗДЕР

Тыңдай білетін әрі құнды кеңес бере алатын жансыз. Құпия сақтайтын сыр сандықсыз. «Досыңмын» деп жүрген жандардың көбі сізбен осы үшін ғана бірге. Оларға қиын сәтте сырын ашылып айта алатын, ақыл қосатын біреу керек болса, ол – сізсіз. Ал сізге тыңдаушы әрі кеңес беруші дос қажет болғанда бәрі бірдей жақсылығыңызды қайтара алмауы мүмкін.


ШАЯН

Өте қайырымдысыз. Кейд тіпті шектен шығып, өзіңізге зиян келтіре тұра өзгеге көмек қолын созасыз. Сәйкесінше, мұндай адамдардың да жанында досы болып жүргісі келетіндер өте көп болады. Әрине, тең жартысы, тіпті кейде жартысынан астамы жай ғана пайдаланып жүретін амал дос болып шығады.


АРЫСТАН

Артық кеткенді дәл сол сәтте орнына қоя білетін, жаза басқанды да бірден байқап, дұрыс баға бере алатын жансыз. Айналаңыздағы адамдарды үнемі бақылауда ұстайсыз. Олардың іс-әрекетіне баға беруде эмоцияға, сезімге ерік бермейсіз. Осы қасиетіңіздің арқасында адал дос пен амал достарыңыз өзі-ақ іріктеліп отырады да, жаныңызда алдыңғылары қала береді.


БИКЕШ

Жақын жандарыңыздың іс-әрекетіне лайықты баға бере аласыз. Жақсы іс жасаса, орынды мақтау, марапатқа жомартсыз. Адамдардың бойында өзіне деген сенімділік қалыптастыру да қолыңыздан келеді. Осы қасиетіңізді бағалаған көпшілік сізбен дос болуға ұмтылады. Алайда, достық шеберіне қабылдайтын жандарды өзіңіз іріктеуіңіз керек.


ТАРАЗЫ

Тым кешірімшілсіз. Кей досыңыз сатқындық жасайды, бірі өз пайдасына қолданады. Басқа да түрлі жағдайлар болады. Соның бәрін кешірім, ұмытып, бұрынғы достық қарым-қатынасты жалғастыру қолыңыздан келеді. Осы әрекетіңіз жаныңыздағы достардың бәрінің бірдей жан жолдас болмауына алып келеді.


САРЫШАЯН

Достыққа өте берік, қамқор әрі көмек қолын әрқашан созуға әзір жансыз. Өзіңізге жақын жандар, оның ішінде достарыңыз жайлы артық сөз айтуға, бұрыс әрекет жасауға жол бермейсіз. Барынша қорғаштайсыз. Осы қасиетіңізді жоғары бағалаған достарыңыз да сізге барынша адал болады.


МЕРГЕН

Ешқашан ешкімді сөкпейсіз. Сыр сақтай білесіз. Соны білетін достарыңыз сізге ең құпия сырларын, қателіктерін ашып айта алады. Көзқарасыңыз өзгермейтінін біледі. Өзіңіз де өмірде бірнеше қателік жібергенсіз. Сол сәтте сізді сөкпей, қателігіңізбен қабылдаған, қолдау білдірген достарыңыз болса, бағалаңыз.


ТАУЕШКІ

Сіз жақын жандарыңызға бәрінен мықты қолдау көрсетесіз. Өзіне сенімсіз болып тұрған біреуді көрсеңіз, міндетті түрде өзіне сенімін арттыратын сөз айтып, арқасынан қағасыз. Мұндай қолдау ешқашан елеусіз қалмайды. Достарыңыз да сізді барлық уақытта қолдап-қолпаштауға, ыстықта да, суықта да жаныңыздан табылуға әзір.


СУҚҰЙҒЫШ

Шектен тыс шыншыл, адалсыз. Қандай жақын адам болмасын, ащы болса да, шындықты бетке айтасыз. Мұндай мінезді тек адал достар ғана бағалап, қабылдай алады. Сөзіңізді көтере алмайтын, «менікі бұрыс болса да, қолда» дейтіндер – сіздің досыңыз емес.


БАЛЫҚТАР

Қайсыбір досыңыз үшін өзіңіз дұрыс деп санаған әрекетті жасауына, сөзді айтуына итермелейсіз. Басқаша айтқанда, «Мен дұрыс жолды көрсеттім, ол соны жасауға тиіс» деп санайсыз. Бұл көп кісіге жаға бермейді. Содан да айналаңызда дос аз болуы мүмкін. және олардың бәрі адал дос деуге келмейді. Кейбірі сіздің қажет кезінде дұрыс пікір айта алатыныңыз үшін ғана жақын жүруі мүмкін.

Аударған: А.МЕЙІРХАНҚЫЗЫ,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

МҰНДАЙ адамдардан АУЛАҚ ЖҮРГЕН дұрыс

Бөлісу