​2023 жылы қай айда ТОЙ жасауға БОЛМАЙДЫ?

0
3 291

Нумерологтар тойшыл қауымға, осы жылы отау құруды жоспарлаған жастарға арнап неке қиюға сәтті күндердің есебін жасады


​2023 жылы қай айда ТОЙ жасауға БОЛМАЙДЫ?

Отбасын құру – аса жауапты іс. Сондықтан таңдаған адамыңмен өміріңді байланыстырар алдында жан-жақты ойланып, түрлі факторларды ескеріп, ұсақ-түйекке дейін жоспарлаған артық болмайды. Нумерологтар тойшыл қауымға, осы жылы отау құруды жоспарлаған жастарға арнап неке қиюға сәтті күндердің есебін жасады. Бұл жағын да назарға алып қойған артық болмас.


Ақпан

Неке қию үшін ең сәтті күндер – айдың 2, 20, 21-жұлдыздарының түскі үзіліске дейінгі уақыты. Сонымен қатар 25 ақпанда сағат 09:08-ден, 26-сына сағат 17:42-ге дейін.

12, 13, 16 және 7 ақпан күндері некелерін қидырған жастардың да бақыты баянды болады.


Наурыз

Нумеролог болжамы бойынша ең сәтті күндер – 1 наурыз сағат 10:45-тен бастап, 2 және 3 наурыз күндері 17:30-ға дейін. 15, 16, 17 наурызға да неке қию күнін белгілеуге болады. 20, 26 наурыз – күні бойы. 30 наурызда 10:30 бен 16:45 аралығында.


Сәуір

Бұл айдағы некелесуге ең қолайлы күндер – 5, 6 жұлдыздарда сағат 15:45-ке дейін және 7 жұлдызында таңғы 9:22-ден кейін. Сонымен қатар, толықтай қолайлы болатын күндер – 8, 12, 13, 16, 17 сәуір.

Астрологтар мен нумерологтар бірауыздан 20 сәуір мен 4 мамыр аралығында тұтылу дәлізі өтетінін, сондықтан бұл күндері маңызды өзгерістер орнатпаған жөн екенін айтты.


Мамыр

Мамырдың неке үшін ең сәтті күндері – 13, 14, 17 (15:30-дан бастап), 24-і (17:35-ке дейін). 30 мен 31 мамыр да кешкі сағат 16:15-ке дейін қолайлы уақыт саналады.


Маусым

Неке қию үшін ең сәтті күндер мен сағаттар – айдың 1, 2, 5 жұлдыздарында 10:30-дан бастап, 9 жұлдызы (сағат 13:43-тен бастап), 10, 11 жұлдызында сағат 16:20-ға дейін. Ал 6, 14, 15, 19 және 20 маусым күнерінің бірін таңдап, кез келген уақытына белгілеп, некелерін қиғызса, берік отбасы болу ықтималдығы көбірек.

Шілде

Бұл айдың сәтті күндерінің бір артықшылығы, сағат шектеуі жоқ. 3, 4, 8, 11, 12, 16 шілде – осы күндердің бірін таңдап, нақты сағатын өзіне ыңғайлы не бос уақытқа белгілей беруге әбден болады.


Тамыз

2023 жылдың тамызы тойдың айы емес дейді болжамшылар. Ай бойы Шолпан жұлдызы керітартпа энергия жіберіп тұратын көрінеді. Алайда, некелесу рәсімін осы айда жасауға мәжбүрлік болса, Айдың жағымды әсері бар күндерді пайдаланып қалу керек. Мұндай күндер – 3, 4, 7, 31 тамыз күндері күні бойы, 8, 9 тамызда түскі үзіліске дейінгі уақыт және 12, 13, 30 тамыздың 16:00 ден кейінгі уақыты.


Қыркүйек

Күздің алғашқы айы диқандар үшін ғана емес, жаңа өмірге қадам басқысы келген жастар үшін де жемісті ай болғалы тұр. Нумерологтар осылай топшылап отыр. Неке қию рәсімі үшін ең сәтті күндер қатарына 5. 8. 9. 10 қыркүйек күндерінің 15:45-ке дейінгі уақыттарын жатқызады. Сонымен қатар, 19 қыркүйек 11:00-ден бастап, 20 қыркүйек 13:20-ға дейін, 23 қыркүйек 16:20-дан кейін және 24 қыркүйек күні бойы да қолайлы уақыттар қатарында.


Қазан

Астрологтар мен нумерологтардың есептеуінше, кезекті тұтылу дәлізі 14-28 қазан аралығына тұспа-тұс келеді екен. Осы күндері неке қию сынды өмірлік маңызды шараны өткізбеген жөн деп кеңес береді. Ең сәтті күндер – 1, 2 қазан сағат кешкі 18:37-ге дейін, 5 қазанда 15:30-дан кейін, сондай-ақ, 6-7 қазанның кез келген уақыты.


Қараша

Неке қиюға қарашаның ең сәтті күндері – 3-і мен 22-сі 14:30 бен 18:10 аралығы. Ал 30 қарашаның таңнан кешке дейінгі барлық уақыты сәтті саналады. 9-жұлдызында сағат 11:10-нан бастап болса, 10, 11 және 13-жұлдыздарында барлық жұмыс уақыты қолайлы.


Желтоқсан

Жылдың соңғы айында отау құрып үлгеріп қалғысы келгендер 7, 8, 9, 10, 11 күндерінің біріндегі 12:00-ге дейінгі уақытты, 18 не 19 күндерінің біріндегі 12:40-қа дейінгі уақытты таңдай алады. Немесе 22, 27 және 28 желтоқсан күндеріндегі уақыт шектеуі болмайтын мүмкіндікті пайдаланып, жаңа жыл қарсаңын одан әрі қарбаласқа айналдыруына болады. 23 желтоқсанға тура келсе, сағат 13:10-ға дейінгі уақытқа, 26 желтоқсанға тап болса, 18:15-ке дейінгі уақытқа үлгерсе болғаны.

Аударған: А.Бектұрғанова,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

Егер Сіз ТАБИҒАТ ҚҰБЫЛЫСЫ болсаңыз...