​2023: жыл сандарының кеңесіне құлақ ассаңыз, жетістігіңіз көп болады

0
2 160


​2023: жыл сандарының кеңесіне құлақ ассаңыз, жетістігіңіз көп болады

Әр жаңа жылдан үлкен үміт күтеміз. Барлық сәтсіздік, мәселелер, ұнамсыз жағдайлар 31 желтоқсанда қалып , 1 қаңтарда мүлде басқаша өмір басталатындай... Шынында солай болады, егер соған риясыз сенсеңіз, еңбек етсеңіз және жыл сандарының кеңесіне құлақ ассаңыз.

Санақ бойынша әрбір жылдың өз цифрлары бар. Дәл осы цифрлардың астарына үңіліп, нумерологиялық мәнін оқи білсе, көптеген құпиялар мен құнды кеңестердің сырын ашады.

Келесі жылы 2, 0, 3 және 7 сандары адамдардың өміріне үлкен ықпалын тигізеді.



2 – жұптықты білдіретін сан болғандықтан, бұл жылы «жалғыздың үні шыпайды». Сондықтан қандай істі қолға алсаңыз да, алдымен жаныңызға сенімді серіктес іздеңіз. Отбасылық шаруаларды ерлі-зайыптылардың ақылдаса, тізе қоса, күш біріктіре атқарғаны абзал. Адамдармен қарым-қатынасыңызға баса мән беріп, басқалардың жағдайын сұрауды, көмек қолын созуды, алғыс айтуды ұмытпаңыз. Осы жылғы жетістіктің кілті адамдардың сізге деген ризашылығында жатыр.



0 – бұл өте ерекше сан. Өйткені жеке тұрғанда ешқандай мәні болмаса да, басқа сандарға тіркесіп олардың маңызын арттырады, жаңа деңгейге көтереді. 0-дің осындай күші сізге де әсер етсін десеңіз, жаныңыз қалаған, шабытыңыз шақырып тұрған істерді жасауға уақыт бөліңіз. Табысты да, жетістікті де, атақ пен абыройды да дәл осы іс әкеледі.

Нөл – барлық нәрсенің бастамасы. «Нөлден бастау» деген тіркес бекер айтылмаған. Сондықтан, осы жылы жаңа бастаманы қолға алсаңыз, міндетті түрде жақсы нәтижеге жетесіз.



3 саны адамның ішкі рухымен тікелей байланыста. Сондықтан, осы жылы рухани байлықты арттыруға бағытталған барлық ісіңіз оңынан болып, тұлғалық даму, өсу қарқынды жүреді. Жаңа білім алу, саяхаттау, жайлы зонадан шығып, өзіңізді сынға салып шыңдау, эмоциялар мен сезімді, ішкі дауысты тыңдап үйрену – осының бәрін жоспарға енгізіп, жүзеге асырыңыз.



7 қайдан шықты деп отырсаңыз, бұл – алдағы жыл цифрларының қосындысы (2+0+2+3). Бұл санды нумерологтар көбіне ар-намыстың жоғары болуымен, мықты интуициямен, өзін-өзі тану және әлемге ашықтықпен байланыстырады. Осы жылы отау құрған жандардың отбасында 7 санының ықпалымен саналы, физикалық және рухани тұрғыда үйлесім орнайды.

Аударған: А.Мейірханқызы,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

ҚИЫНДЫҚҚА тап болсаңыз, осы АҒАШ көмектеседі