​2022 ЖЫЛ: қандай іспен айналыссаңыз, табысыңыз көп болады?

0
6 311


​2022 ЖЫЛ: қандай іспен айналыссаңыз, табысыңыз көп болады?

Астрологтар 2022 жылды күрес жылы болады деп болжауда. Ол қиындықтармен, жағдаймен немесе өз-өзіңмен болуы мүмкін. Сондықтан, бұл жылы ағыспен жүзетіндер көп жетістікке жете қоймайды. Есесіне, батыл қадам жасай алатын қайсар күрескерлер көп шыңды бағындырып, биіктерден көрінеді. 2022 жыл тек шығармашылық адамдарына ғана жеңілдік жасайды екен. Олай деуіміздің себебі, өнерге қатысы барлар қанша жерден жалқаулық, босаңдық танытса да, тасы өрге домалайтын көрінеді. Ал белгі иелеріне жеке-жеке тоқталатын болсақ...


ТОҚТЫ

Жаңа жыл сіз үшін маңызды шешімдер жылы болмақ. Жыл бойына бірнеше рет қиын таңдауға тап боласыз. Көпшілігі жақын адамдарыңызға қатысты болуы мүмкін, сондықтан, олармен шынайы болыңыз.

2022 жылы қайырымдылықпен айналысуға, жаңа білім алуға көбірек уақыт пен күш жұмсаңыз. Сонда ғана өз-өзіңізге көңіліңіз толып, сеніміңіз артып, ісіңіз алға басады.


ТОРПАҚ

2022 жылда сізді көптеген тосын сыйлар мен оқыс оқиғалар күтіп тұр. Ештеңеге таң қалмауға және тағдырдың қандай болмасын сыйын да, сабағын да қалыпты қабылдауға дайын болыңыз.

Бұл жылда басты қолға алуға тиіс нәрсе – өміріңізді жақсылап ой елегінен өткізу. Жай ғана ағыспен жүзуді тоқтатып, өзіңізді іздеңіз, табыңыз. Ол үшін қандай іспен айналысып жүрсіз, миссияңызды дұрыс атқарып жүрсіз бе, шын мәнінде маңызды нәрселерді уыстан шығарып алып жатқан жоқсыз ба – осындай сұрақтар төңірегінде ойланыңыз. Нәтижесінде айналысатын ісіңіз, кәсібіңіз, өмір салтыңыз, тіпті өміріңіз түбегейлі өзгерісті қажет ететінін ұқсаңыз, өзгертіңіз.


ЕГІЗДЕР

Сіз үшін 2022 жыл – жан тыныштығы кезеңі. Бойыңызды ерекше күй билеп, жүрегіңіз махаббатқа толып, өміріңіз жақсарып, айналаңыз сұлуланғандай сезім пайда болады.

Осындай күйді пайдаланып, жан дүниеңізді барлық өкпе-реніштен, қорқыныштан, басқа да негативтерден босатыңыз. Кәсіби және рухани тұрғыда дамуға күш салыңыз. Сонда әр қолға алған ісіңіз сәтті аяқталып, жыл соңында жетістіктеріңізді санап тауыса алмайтын боласыз.


ШАЯН

Бұл жыл сізді әлі талай оқиғамен, жағдаймен таң қалдырып, өміріңіздің астаң-кестеңін шығарайын деп тұр. Әрқайсынан дұрыс сабақ ала білсеңіз, тек жақсы өзгерістер орын алады.

Бірақ, ғажайыпты күтпеңіз. Бәрі өзіңіздің ниетіңіз бен еңбегіңізге байланысты. Өмірден өз орныңызды іздеп, дамуыңызға инвестиция жасаңыз. Үнемшіл болып, әр тиыныңызды есеппен жұмсаңыз. Сонда ғана жыл қорытындысы жақсы өзгеріспен, ауыз толтырып айтарлық жетістікпен, қаржылай жинақпен қуантатын болады.


АРЫСТАН

Бөркіңізді аспанға ата беріңіз, 2022 жылды бақыт пен өркендеудің тегіс әрі даңғыл жолымен жүріп өтесіз. Тек ол үшін бойыңыздағы таланттарыңызды барынша ашып, шығармашылыққа ден қоюыңыз керек. Стереотиптерді сызып тастаңыз, кемеңіздің желкенін желдің бағытына туралаңыз, оқыңыз, ізденіңіз. Сонда сәттілік пен жетістік сізді өздері іздеп табады.


БИКЕШ

2022 жылы көптен ойыңызда жүрген үлкен жоспарларыңыз іске асады. Сәтсіздіктерге мән бермеңіз. Жағымсыз жайларды жүрекке жақын қабылдамаңыз. Өзіңізге тынығуға, өмірден ләззат алуға рұқсат беріңіз. Айналаңыздағы қиналғандарға қол ұшын созыңыз. Тәртіп пен жоспарлауды күнделікті серігіңізге айналдырыңыз. Сонда бұған дейінгі жасаған еңбегіңіздің жемісін осы жылы теріп алуға мүмкіндік туады.


ТАРАЗЫ

Бұл жыл сіз үшін құндылықтарды қайта қарау, өмірдің мәнін, өз миссияңызды іздеу жылы болуға тиіс. Өміріңізге саналылықты енгізіңіз, өзгелердің қатесінен сабақ алуды, қандай жағдай болса да, тез бейімделе кетуді үйреніңіз. Сонда орын алған «түлкі-жағдайларды» тазы боп шалып, бұйырғанды да, бұйырмағанды да алып, жылды жемісті аяқтайсыз.


САРЫШАЯН

Осы жылда өміріңізді жақсартуға, үлкен өзгерістер орнатуға мүмкіндігіңіз мол. Тек ол үшін ізденуге, білім алуға ерінбесеңіз болғаны. Бойыңыздағы жасырын қабілеттерді ашып, талантыңызды ұштаңыз, қиялыңызға ерік беріп, шығармашылықпен айналысыңыз. Пессимизмге, негативке жол бермей, суық саналы болыңыз. Сонда бар ойлағаныңыз іске асады.


МЕРГЕН

Жылдың әр күні қарбаласқа, оқиғалар мен өзгерістерге толы болады. Белсенді әрекет жасап, шығармашылықтан қол үзбесеңіз, өміріңіз жаңа арнаға түсіп, жаңаша мәнге ие болады. Дамуға күш салсаңыз, өзіңізбен үздіксіз жұмыс жасасаңыз, табысыңыз да, мүмкіндіктеріңіз де артып, ертегілер мен қиялдағы армандарды шынайылыққа аналдыра аласыз.


ТАУЕШКІ

Бұл жылы өмір сіз үшін екі түрлі сценарий дайындауда. Сондықтан күндеріңіз қарама-қайшылыққа, құлдырау мен шарықтауға толы болмақ. Сіздің билігіңізге бағынбайтын, шешіміңізге байланысты емес жағдайлар да орын алуы мүмкін. Олармен күреспеңіз, қарсы тұрмаңыз, тек қабылдап алып, басыңыздан өткеріп, шығарып сала аласыз. Тағдырға сеніңіз, конфликттен аулақ болыңыз, күш-қуатыңызды, жағымды энергияңызды, оптимистік көзқарасты сақтаңыз. Соңында жағдай өздігінен түзеліп, бәрі қайта қалпына келіп отырады.


СУҚҰЙҒЫШ

Бұл жылы ішіңіз пыспайтыны анық, өйткені, оқиғаларға толы болмақ. Олардың көпшілігі жағымды, қуанышты жайттар екенін ескерсек, 2022 жыл жақсы өтеді деуге толық негіз бар. Ішкі даусыңызды тыңдаңыз, астрологтар болжамын да назарға ала жүріңіз, логикалық ойлауды іске қосыңыз. Сонда барлық жағдай сіздің пайдаңызға шешіледі. Ал қаржы ағынын арттырғыңыз келсе, көбірек еңбектеніңіз.


БАЛЫҚТАР

Осы жылы бірнеше өмірлік маңызды оқиғалар, отбасын құру, балалы болу сияқты әр адамның өмірінде санаулы рет қана болатын жағдайлар орын алады. Сондықтан, 2022 жылды үлкен өзгерістер жылы деп атауыңызға әбден болады. Ал қызмет, кәсіп, табыс табуға келсек, қай істе болмасын «Жеті рет өлшеп, бір рет кес» ережесін ұстаныңыз. Қызықтырған, еліктірген ұсыныстарға «Айдалада жатқан құйрық, ол неғылған батпан құйрық» деп қарап, алдымен әбден тексеріп алыңыз. Түйсігіңізге сүйеніңіз. Бір сөзбен айтқанда, асқан сақтық танытыңыз.

Аударған. А.Бектұрғанова,

ERNUR.KZ


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

Көліктің НӨМІРІ де БАЙЛЫҚ ШАҚЫРАДЫ