Тарақты БІР ЖЫЛДАН АРТЫҚ қолдануға БОЛМАЙДЫ

0
2 378

Сақтау мерзімі жазылмаса да, уақыты келгенде міндетті түрде ауыстыру керек заттар бар.


Тарақты БІР ЖЫЛДАН АРТЫҚ қолдануға БОЛМАЙДЫ

Негізі күнделікті қолданып жүрген барлық заттың сақтау мерзімі болады. Бір заттардікі жылдармен, енді бірінікі күнмен өлшеніп жатады. Бірақ біз көбіне азық-түлік пен дәрілердің ғана сақтау мерзіміне мән береміз. Ал кейбір заттардың тіпті сақтау мерзімі жоқ секілді көрінеді.


Сақтау мерзімі жазылмаса да, уақыты келгенде міндетті түрде ауыстыру керек заттар:


Тіс пастасы және тіс щеткасы

Тіс щеткасын 3 ай сайын ауыстыру керек. Ал тіс пастасын 1 жылдан кейін қолдануға болмайтыны жөнінде ескермейтініміз анық. Жеңілдіктер кезінде көбірек алып қойған тіс пасталарыңыз болса уақытына мән беріп, қарап қойған абзал.


Спорттық аяқ киім және үй ішіне арналған сүйретпе

Егер сіз спорттық аяқкиімді бірнеше жыл қатарынан киіп келе жатқан болсаңыз, онда ол дұрыс емес. Жүгіруге арналған "кроссовкалар" 500км-ден кейін өзінің амортизаторлық құрылымын жоғалта бастайды. Ал өзге спорттық аяқкиімдердің ұлтаны тозған соң ылғалды нашар тарта бастайды. Екі жағдайда да аяқ киімді киюге келмейді деген сөз. Спортпен үздіксіз шұғылданатындар бұл жайлы жақсы біледі.

Ал үйге киетін сүйретпелер күнде киілген соң 6 айдан кейін нағыз бактериялар көбейетін орынға айналады. Сондықтан оны ауыстырған жөн.


Қалташадағы шай

Жарты жыл – шай қалташасының сақтау мерзімі. Ал одан кейін оны пайдаланбаған дұрыс. Себебі уақыт өте шай жапырақтары қышқылдана бастайды. Қара шай негізінен 9 айдан кейін бұзыла бастайды. Ал пакет қалтадағы шай ең арзан материалдардан жасалғандықтан, мерзімі қысқарып 6 айдан кейін-ақ бұзылады.


Тарақтың да сақтау мерзімі бар

Тарақты үнемі жуып, тазалап отыратын болсаңыз да ең ұзақ болғанда бір жылдан кейін ауыстырған дұрыс. Себебі онда ескірген сайын микробтар мен бактериялар жиналады. Сондай-ақ ескі тарақ қайызғақ пен шаштың майлануына алып келуі мүмкін.


Ұзартқыш (удлинитель)

Ұзартқыштардың да мерзімі бар. Ол – екі жылға есептелген. Ал арзан ұзартқыштар мүлде аз ғана уақытқа шыдайды. Ұзартқыштар өзінен өткізетін джоуль санына қарай анықталып есептеледі. Уақыт өте ол істен шыға бастайды.


Күн көзінен қорғайтын көзілдірік

Сапалы УФ қаптамасы бар күннен қорғайтын көзілдірікті 2 жылдан артық тағуға болмайды. Уақыт өте қаптамасы ескіріп, көзді қорғаудан қалады. Көзілдіріктердің нақты сақтау мерзімі өндіруші компанияларға байланысты. Ал жазылмаған ереже бойынша көзілдірікті 2 жылдан артық тағуға болмайды.


Ас үй тақтайлары

Ас үйдегі тақтайшаларды жылдап ауыстырмайтынымыз рас. Бірақ үнемі пайдаланып жүрген соң кейін олар да тозады. Оның үстіне пышақтан қалған іздер көбейген сайын бактериялардың жиналатын орнына айналады. Сондықтан ас үй тақтайларын 3 жылда ауыстырған дұрыс.


Сүлгі

Сүлгіде бактериялар жиналмас үшін оны жиі жуып тұрамыз. Қандай сапалы мата болса да ыстық суға салып жуа бергеннен кейін тозады. Сондықтан сүлгіні 3 жылда жаңартып тұру керек.


Макияжға арналған шөткелер

Боянуға арналған шөткелерді тек жуып, тазалап тұрғаннан бөлек ауыстырып та отыру керек. Оның себебі де бактериялардың көбеюі. Егер бетіңізде аяқ астынан бөртпелер пайда болса, оның себебі ұзақ уақыттан бері ауыстырылмаған шөткелер болуы мүмкін. Боянуға арналған шөткелерді сақтау мерзімі – 5жыл.


Жастық (2-3жыл), жамылғы (7жыл) және матрас (8-10жыл)

Ішіндегі толықтырғыштың қандай екеніне қарамай жастықтар 2-3 жылдан кейін өзінің бастапқы қалпын жоғалта бастайды. Сондай-ақ уақыт өте бактериялар пайда болады. Тіпті жиі жуып тұру да ол бактериялардан құтқара алмайды. Тура осы жағдай жамылғы мен матраста да пайда болады. Тек олардың мерзімі ұзақтау. Матрастың қызмет ету уақытын ұзарту үшін жарты жылда бір рет астын үстіне қарай алмастырып тұру керек және жиі шаңсорғышпен тазартып тұрған жөн.


Дайындаған: Э.Базарбаева,

ERNUR.KZ.


"ҰЙҚЫДАҒЫ ГҮЛДЕРГЕ" қауіп көп. Қыста күтімді КҮШЕЙТУ КЕРЕК


МҰНЫ БІЛЕТІН БЕ ЕДІҢІЗ: Дәптердегі қызыл сызық тышқаннан қорғану үшін жасалған