Таңқурайдан мол өнім алу үшін ТЫҢАЙТҚЫШТЫ КҮЗДЕ СЕБЕДІ

0
3 369

Кейбір бағбандар таңқурайды көктемде емес, күзде отырғызуға кеңес береді.


Таңқурайдан мол өнім алу үшін ТЫҢАЙТҚЫШТЫ КҮЗДЕ СЕБЕДІ

Өнім беру кезінде өсімдік топырақтағы пайдалы заттардың көпшілігін алып қояды. Сондықтан келесі жылы таңқурай қайта мол өнім беру үшін күзде қоректендіру қажет.


Бұл жұмысқа кіріспес бұрын ең алдымен таңқурайдың түбіндегі барлық арамшөптерді жұлып, айналасындағы топырақты 15-20см тереңдікте аудару қажет. Ал түбіндегі топырақ тамырға зиян тимейтіндей етіп, 8-10 см тереңдікте аударылады.

Сондай-ақ барлық қураған, ескі, өнім бермеген бұталарды кесіп тастаған жөн. Тек осылардан кейін ғана таңқурайға қоректік зат дайындайды. Қоректендіру шамамен қыркүйектің соңғы күндері мен қазан айының басында жасалады. Ал таңқурайдың кеш пісетін срұрыптары үшін қоректендіру қазан мен қараша айында жүргізіледі.


Таңқурайға қандай қорек керек?

Бақша егушілердің көпшілігі органикалық және табиғи тыңайтқыштарға басымдық береді. Таңқурайға да көң, құс саңғырығы, күл және компос ҚАЖЕТ.

  • 3-4 жылда бір рет күзде таңқурайдың түбіндегі топыраққа шіріген көң, 1кв.м-ге 4 - 5 келімөлшерде араластырылады.

  • Ал жыл сайын 10-15 см қалыңдықта шымтезек араластырып отыру керек. Бұл топырақтың құрылымын жақсартып, суықтан, аяздан тамыр жүйесін сақтайды.

  • Қоректендіруге құстың саңғырығын қосқанда, ол өте жоғары концентрациялы тыңайтқыш болғандықтан мұқият болу керек. Құс саңғырығын сұйық күйде пайдаланған дұрыс. Тыңайтқышты сумен 1:20 мөлшерінде араластырады және біркелкі етіп таңқурайдың түбіне құйып шығады.

  • Таңқурайдың өнімі толық жинап болғаннан кейін, топырақтың қышқылын төмендетіп, өсімдіктегі калийдің орнын толтыру үшін ағаш күлімен қоректендіреді. Әр бұтаның түбіне айналдыра шамамен 100г күл себіледі.

  • Егер таңқурай қатарларының арасында сидераттар (қыша, беде) өсетін болса онда өнімді жинап болғаннан кейін оларды топыраққа көміп тастау керек. Көктемде олар шіріп, топырақтың құнарын арттырады.

  • Егер былтырғы жылы топырақты құнарландыру үшін органикалық тыңайтқыш пайдаланған болсаңыз, бұл жылы минералды тыңайтқыш қолданыңыз.


Таңқурайды минералды тыңайтқышпен қоректендіру

Таңқурайға күзде берілетін тыңайтқыш микроэлеменнтер қоспасынан тұруы тиіс. Тыңайтқышта міндетті түрде калийй және фосфор болғаны жөн. Ал азоттың мөлшері көп болса, бұл қысқы маусымда өсімдік үшін қауіпті болады. Сондықтан күзде топыраққа азот берілмейді.


  • Фосфорлы тыңайтқыш ретінде көп ретте суперфосфат қолданылады. 55-60г түйіршіктелген тыңайтқышты түбі қопсытылған таңқурайдың әр бұтасының түбіне 7-10 см тереңдікте көміп шығу қажет.

  • Калий тыңайтқышы таңқурайдың суыққа төзімділігін арттырады. Ол үшін 40г калий сульфатын фосфор тыңайтқышымен бірге көму қажет. Калий сульфатының орнына калий магнезиясын – әр түпке 25-30гр пайдалануға болады. Жас таңқурай көшеттерін қоректендіргенде минералды тыңайтқыштардың мөлшерін 2 есе төмендету керек.


Күзде жаңадан отырғызылған таңқурайға берілетін тыңайтқыш

Кейбір бағбандар таңқурайды көктемде емес, күзде отырғызуға кеңес береді. Мұндай жағдайда міндетті түрде топыраққа органикалық және минералды тыңайтқыш беру керек. Таңқурай көшетін үсік басталғанға дейін 15-20 күн бұрын отырғызу қажет.

Керек кеңес, қажеттеріңізге жарасын!


Дайындаған: Э.Базарбаева,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз: БАЛДЫҢ сапасын АЖЫРАТА БІЛУ үшін нан батырып көріңіз