Шаңсорғыш туралы ҚАТЕ ТҮСІНІКТЕР

0
8 464

Ұзын кілемдерді, жұмсақ жиһаздарды немесе едендегі үй жануарларының жүнін тазалау үшін қуаты 450 Вт-тан асатын құрал жеткілікті.


Шаңсорғыш туралы ҚАТЕ ТҮСІНІКТЕР

ллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Адам өміріне қажетті техниканың дамуы ешнәрсеге қарамастан қарыштап жатыр. Сондықтан белгілі бір гаджеттердің жұмысы мен қызметі туралы көптеген адамдар толық ақпараттарға қанық емес. Бұл мәселе әсіресе тұрмыстық техникаға қатысты көп туындайды. Сол себепті назарларыңызға шаңсорғыштар туралы ең көп таралған қате түсініктерді ұсынамыз.


1. Шаңсорғыштың қуаты жоғары болған сайын, тиімді жұмыс істейді

Осы тақырыптағы ең көп тараған түсініктің бірі – гаджет қуаты неғүрлым көп болса, оның жұмыс қабілеті күшейе береді. Сондықтан сатып алушылардың көпшілігі шаңсорғыш таңдағанда, олардың техникалық сипаттамасына қарап, күші 2000 ВТ-тан асатындарын сатып алады және ол электр энергиясын еселеп тұтынады.

Шын мәнінде, бұл екі функция бір-біріне тәуелді емес. Шаңсорғыштың сору қабілеті оның қандай ластануға қарсы қолданылуына тікелей байланысты. Мысалы, ұзын кілемдерді, жұмсақ жиһаздарды немесе едендегі үй жануарларының жүнін тазалау үшін қуаты 450 Вт-тан асатын құрал жеткілікті.


2. Үлкен түтік шаңсорғыштың қуатын арттырады

Кейбір тұтынушылар шаңсорғыштың түтігі үлкен болса, кез келген кірді сорып алады және құралдың да қуаты мол болады деп ойлайды. Иа, бірінші оймен келісуге тура келеді. Алайда үлкен түтік керісінше гаджеттің қуатын төмендетуі әбден мүмкін.

3. Робот-шаңсорғыш – үлкен құралдың қызметін орындай алады

Соңғы жылдардағы сатылым бойынша шаңсорғыш роботтар үлкен танымалдылыққа ие болды. Оған қоса бұл гаджет туралы жалған ақпараттар да тарап үлгерген.



Нақтырақ айтсақ, бұл роботтың ерекше тұстары болғанымен, кәдімгі үлкен шаңсорғыштың қызметін толық атқара алмайы. Яғни, кірдің кез келген түрімен күресуге қабілеті жетпейді. Сондай-ақ, ол кереуеттің астындағы, төбе мен қабырғаның емес, тек еден мен кілемнің бетін тазалауға ғана қолданылады.


4. Шаңсорғыш сүзгілерін жууға болмайды

Шаңсорғыштың сүзгілері тазалаудан кейін үйдегі ең лас орын болып қалады. Және оны тазалау барысында сүзгінің қандай материалдан жасалуына байланысты бірнеше мәселе туындайды.

Егер шаңсорғыш сүзгісі қағаздан жасалса, оны жуа алмаймыз және жаңасын ауыстырып саламыз. Бірақ «НЕРА-сүзгілерді»(тек қана W таңбасы бар нұсқаларын ғана) сумен жууға болады. Сондай-ақ, бұл жуу әдісімен тазалау паралонды сүзгілерге де қатысты (оларды тазалау үшін жылы су мен сабын қолдану керек). Ең бастысы – жуылған сүзгіні жақсылап кептіру.


5. Контейнердің бактерияға қарсы жабыны залалсыздандырады

Қазіргі шаңсорғыштардағы тағы бір танымал қызмет – өндірушілер айтқан кейбір гаджеттердегі бактерияға қарсы жабын.


Шын мәнінде, кей ғалымдар бұл барлық бактерияны жоя алмайтынын және тек маркетингтік қадам екенін айтады. Дегенмен бактерияларға қарсы сүзгілер жақсы жұмыс істей алады екен. Егер, тазалыққа аса мән беремін десеңіз, сүзгі жүйесі мықты дамыған шаңорғышты таңдауға болады.


6. Ультракүлгін жарық жұмыс аймағындағы микробтарды өлтіреді

Тұтынушылар үшін тағы бір тартымды нәрсе шаңсорғыштағы ультракүлгін жарық. Өндірушілер ол туралы «едендегі микробтарды өлтіреді» дегенмен, зерттеушілер бұл әдістің де жарнамаға көбірек ұқсайтынын айтады.


Шын мәнінде, ультракүлгін сәулелер бактериялармен күресуге қабілетті, бірақ ол үшін жарықты бір жерде кемінде отыз минут ұстап тұру қажет. Сондықтан антибактериалды шаңсорғыш үшін артық ақша төлеудің қажеті жоқ.


7. Шаңсорғыш жиналған шаңның барлығын ішінде сақтайды

Кейбір адамдар үй ішіндегі шаңды бір тазалағаннан кейін, мәңгі таза болып қалса деп армандайтыны жасырын емес шығар. Алайда, бұл мүмкін емес. Тіпті өте сапалы шаңсорғыштың өзі бір жұтқан шаңның бәрін ішінде сақтап тұра алмайды.


Көптеген шаңсорғыш сорылатын шаңның бір бөлігі аспаптың жұмысы кезінде тікелей ауаға кері шығарылатындай етіп жобаланған. Бұл мәселені өндірушілер сүзгілердің көмегімен шешуге тырысады, алайда олар жүз пайыз кепілдік бермейді. Ең тиімді, қуатты, 14 индексі бар НЕРА-сүзгіштердің өзі шаңның 99 пайызын ғана ұстап тұра алады. Ал 1-ден 13-ке дейінгі индексі бар сүзгімен жабдықталған шаңсорғыштар ең көп дегенде 85%-ын сақтауға қабілетті.


8. Мықты шаңсорғыштың шығыны мол

Шаң сорумен қатар, еден жуатын шаңсорғыштар нарыққа он бес жыл бұрын шығып қойған. Олардың көлемді, қозғалуы қиын және әр тазалаудан кейін еденді кептіруге тура келетін еді.


Сол себепті, уақыт өте келе өндірушілер шаң соратын, еден жуып, өзі кептіріп кететін шағын үлгілерін жасап шығарды. Сондай-ақ, олардың бағасы үлкеніне қарағанда қолжетімді және шығыны аз болып жасалған.


Дайындаған: Эльмира Базарбаева,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз: ПЕРДЕНІ ілулі ТҰРҒАН ЖЕРІНДЕ "жуып" алыңыз