​Салмақ тастағысы келгендер үйде гүлшетен өсіргені дұрыс

0
3 433

Гүлшетен –тек қана ас үйде ғана емес, сонымен бірге халық емінде және дәлелденген медицинада, косметологияда қолданылатын өте бағалы өсімдіктердің бірі.


​Салмақ тастағысы келгендер үйде гүлшетен  өсіргені дұрыс

Гүлшетен (розмарин) – хош иісті дәмдеуіш өсімдіктердің бірі. Бұл көпжылдық өсімдік болғандықтан өзінің әдемілігі, хош исімен ұзақ жылдар қуанта алады. Сондай-ақ гүлшетенді үйге де, далаға да өсіруге болады.

Төменнен гүлшетен жайлы қызықты мәліметтер мен оны өсірудің жолдары, пайдасы туралы қажетті мәліметтерді біле аласыздар.


Гүлшетен – биіктігі 3-6 метрге дейін жететін майшетен тұқымдас бұта. Қарама-қарсы орналасқан жапырақтары жоғарғы жағында ұзындау үшкір, түп жағы жүрекше тәрізді, шеті тегіс, шағақты келеді. Гүлдері лалалы, ақ, жасыл немесе басқа түсті.


Гүлшетеннің пайдасы

Гүлшетен –тек қана ас үйде ғана емес, сонымен бірге халық емінде және дәлелденген медицинада, косметологияда қолданылатын өте бағалы өсімдіктердің бірі.

Аталған өсімдік қабынуға қарсы заттарға және В тобындағы дәруменге, калций мен темірге бай келеді. Гүлшетеннің денсаулық үшін негізгі, басты пайдасы:

1. қабынуға қарсы және антиоксидантты әсері бар;

2. зиянды бактерияларды жояды;

3. қандағы қант мөлшерін түсіреді;

4. мидың жұмысын жақсартады;

5. көздің жақсы көруіне ықпал етеді;

6. жүрек ауруының алдын алады;

7. арықтауға көмектеседі;

8. тері мен шашты жақсартады.

Ас үйде гүлшетен ет пен балыққа, картопқа ерекше дәм беру үшін қолданылады. Сондай-ақ шайға қосып ішуге де болады.


Гүлшетенді терезе алдына өсіру жолдары:

Дән егу

Гүлшетенді дәннен де кесілген шыбықтан да өсіруге болады. Дәннен өсіру біршама уақыт алады. Дәнді жібітіп, оның өсіп-өніп шыққанын күту қажет. Бұл бір-екі апта немесе 1 ай уақыт алуы мүмкін. Өніп шыққан соң отырғызу керек. Негізі гүлшетен дәнінің өнуі өте қиын. Тек 10 нан 1-і ған өніп шығуы мүмкін. Сондықтан мейлінше көбірек жібіту қажет.

Ал кесілген шыбықтан өндіру оңай. Кесілген шыбықты ыдысқа су құйып салып қоясыз. Тамырлаған соң топыраққа еге бересіз.


Топырақ пен ыдыстың көлемі

Гүлшетенге көкөніс пен көшетке арналған кез-келген топырақ жарай береді. Бірақ бір ескеретіні ыдыстың түбіне бір қабат керамзит салу керек.

Алғашқы кезде гүлшетенге кішірек ыдыс керек. Себебі оның дамуы ұзақ уақыт алады.Шамамен 0,5 немесе1 л ыдыс жарайды. Келесі жылы өсімдік қатты өсіп бара жатса ғана үлкен ыдысқа ауыстырып отырғызуға болады.


Жарық

Гүлшетен – жарықсүйгіш өсімдік. Көлеңке мен жарық аз түсетін бөлмеде өсуі қиын. Сондықтан терезе алдына немесе қосымша жарықпен жарықтандыру керек.


Қоректендіру

Қоректендіру жолы өте қарапайым. Өсімдікке арналған кез-келген әмбебап тыңайтқыш жарай береді. Сәуір айы мен қыркүйек аралығында екі аптада 1 рет тыңайтқыш берілсе, қалған уақытта айына 1 рет қоректендіру жеткілікті.


Суғару

Гүлшетенді орнымен суғару керек. Әсіресе алғашқы даму кезеңінде ылғалды аз керек қылады. Топырақтың беткі қабаты кепкен кезде аздап суғару қажет. Суды мол етіп құю өсімдік тамырының шіріп кетуіне алып келеді.

Маңызды: Гүлшетенге құятын су міндетті түрде таза, бөлме температурасындағы және кем дегенде 24 сағат тұндырылып қойылған болуы тиіс.


Ыдыстан ыдысқа ауыстырып отырғызу

Ауыстырып отырғызуды көктемде жасаған жөн.

  • Ауыстырып отырғызу алдында өсімдіктің түбіне су құйыңыз.
  • Су құйып, тікелей күн көзі түспейтін жерге 10-14 күнге қою қажет.
  • Отырғыззатын ыдыстың түбіне дренаж салып, бетіне аз ғана топырақ салыңыз.
  • Өсімдікті түбіндегі кесек топырағымен алып ыдысқа салыңыз.
  • Бос жерлерін топырақпен толтырырып шамалы нығыздау керек.


Қысқы күтім

Гүлшетен қысқы маусымды ауыр өткізеді. Бөлме ішіндегі жоғары температура, жылыту батареяларынан болатын бөлмедегі құрғақ ауа, жарықтың аз болуы өсімдікке қатты әсер етеді. Сондықтан гүлшетенді +10 нан төмен болмайтын салқын, жарық жерге қойған жөн. Мұндай жағдайда гүлшетен өте жақсы өседі.

Егер сізде мұндай мүмкіндік болмаса, онда өсімдікке жағдай жасаған дұрыс. Ол үшін өсімдікке күніне бір рет су бүркіп тұрыңыз. Жарық мол болу үшін қосымша жарық ұйымдастыру қажет.

Негізінен гүлшетенді үйде өсірудің қиындығы жоқ. Басты мәселе қыстан шығару. Егер барлығын дұрыс істесеңіз оның да аса бір қиындығы болмайды.

Керек кеңес, қажеттеріңізге жарасын!


Дайындаған: Эльмира Әбілханқызы,

ERNUR.KZ.



Қызметте "ӨСЕМ" десеңіз олеандр ӨСІРІҢІЗ


ҮЙДЕ де БАНАН ӨСІРІП жемісін жеуге болады