МҰНЫ БІЛЕТІН БЕ ЕДІҢІЗ: Дәптердегі қызыл сызық тышқаннан қорғану үшін жасалған

0
2 883

Күнделікті тұтынып жүрген қарапайым заттардың біз білмейтін құпиясы көп.


МҰНЫ БІЛЕТІН БЕ ЕДІҢІЗ: Дәптердегі қызыл сызық тышқаннан қорғану үшін жасалған

Біз күнделікті көптеген түрлі заттарды қолданамыз. Алайда олардың кейбірін мүлде дұрыс қолданбай келеді екенбіз.


Бөтелкенің мойны неге ұзын?

Бөтелкені ұстауға ыңғайлы және ең бастысы ұстап тұрғанда қолдағы жылу бөтелкенің бойына тарау үшін мойнын ұзын етіп жасайды екен.


Былғары күртеше иығындағы белдікше

Бұл белдікше тек сән үшін ғана емес. Ол сөмкені иықтан түсірмей ұстап тұру үшін жасалған. Сондай-ақ сөмкені белдікшеге іліп қойса, онда біреудің (мәселен ұрының) тартып кеткеніне оңайлықпен алына қоймайды. Алғашқы шыққан кезде белдікшені барлығы қолданған. Ал қазір оның негізгі қызметі қалып, тек сән үшін ғана тігіледі.


Дәптердегі қызыл сызық тышқан үшін жасалған

Дәптердегі қызыл жолақтың жазуды қорғау үшін жасалғанын білесіз бе? Алғашқы кезде дәптердегі қызыл жолақ, қолмен жазылған жазуды тышқанның кеміріп тастауынан қорғау үшін жасалған. Тышқандар кеміру үшін қызыл сызыққа дейін арнайы бос орын қалдырған. Сонымен бірге қызыл сызықпен бөлінетін бос жолақ дәптердің шеттері қайырылып-мүжілгенде жазулар өшіп кетпес үшін керек.


Микротолқынды пештің есігіндегі тор көздер

Қазір көпшілігіміз микротолқынды пешті пайдаланамыз. Алайда оның есігіндегі қара тордың не үшін екенін біле бермейтініміз анық. Микротолқынды пеш микротолқынды сәуленің әсерінен тағамды жылдам ысытады. Ал есіктегі қара тор микротолқынды сәуленің адамдарға тигізер зиянын азайтады.


Есіктің жез (латунь) тұтқасы инфекциядан қорғайды

Көптеген инфекциялар есік тұтқасы арқылы таралады. Себебі олар өте көп ұсталады. Ал жез тұтқалар шамамен 8 сағат өзін-өзі залалсыздандырып тұрады. Лакталмаған жез тұтқа көпбалалы отбасылар үшін өте пайдалы болары сөзсіз.


Джинсы шалбардың қалта тұсындағы тойтарма (заклепка)

Бұл кішкентай тойтармалар джинсы шалбардың тез тозбауы үшін жасалған. Олар арнайы көп жүк түсетін жерге қадалады. Бұл идеяны алғаш атақты тігінші Джейкоб Дэвис ойлап тапқан. Ол тойтармаларды ат әбзелі үшін пайдаланған.


Ағаш киімілгіш күйе көбелектен қорғайды

Қазір ағашқа қарағанда пластик киімілгіштердің түрі өте көп. Негізі киім ілгішке ағаш бекер таңдалмаған. Алғашқы кезде оларды балқарағай ағашынан жасаған. Ол өзінің исімен түрлі жәніктерді, соның ішінде барлығынан маңызды күйе көбелекті қорқытады. Оның үстіне балқарағай ұзақ сақталатын және жұпар иісі бар ағаш.


Ермексаз ыс тазарту үшін керек

1920 жылы адамдар түсқағаз бетінде тұрған пештен шыққан ысты кетірудің жолын іздей бастайды. Дәл осы мақсатта сол кезде ермексаз ойлап табылады. Бірақ ермексаз ол кезде тек қана бір түсте, кіршең ақ түсте болған. Ыс жиналып қалған жерге ермексазды үйкеп тазартып отырған. Тек 1949 жылы ысты тазартудың тиімді тәсілдері пайда болып, сол кезден бастап ермексазды балалар ойыншығы ретінде жарнамалай бастайды. Бүгінде оның түр-түрін кездестіруге болады.


Өшіргіштегі қызыл және көк түс

Мұнда оның көк немесе қызыл жағы қалам сиясын өшіреді деу қисынсыз. Шындығында өшіргіштің көк түсі тығыз қалың қағаздағы сызбаны өшірсе, қызыл жағы жұқа қағазға арналған.


Құлыптағы кішентай тесіктің қызметі

Құлыпқа мән бере қарасаңыз кілт салатын жердің жанында кішкене тесік бар. Ол тесік құлып ішіне кірген судың ағып кетуіне және тат баспас үшін май құйып тұруға арналған.

Керек кеңес, қажеттеріңізге жарасын!



Жинақтаған: Э.Базарбаева,

ERNUR.KZ.


Көкөністерді қыста ДӘРЕТХАНА ҚАҒАЗЫНДА өсіруге болады


Жасанды тастан жасалған бұйымдардың күтімі қандай?