Қызметте "ӨСЕМ" десеңіз олеандр ӨСІРІҢІЗ

0
3 869

Сондай-ақ үйдің энергетикасын тазартып, жаман әдеттен арылтады.


Қызметте

Олеандр – мәңгі жасыл, көпжылдық, көрінісі керемет бұталы өсімдік. Өсімдік атауын латын тілінен аударғанда «ылғалды» дегенді білдіреді. Жылы өлкеде олеандр гүлін ауланың сәнін аша түсу үшін өсіреді.

Олеандрдың негізгі үш түрі бар. Үй жағдайында көп ретте қарапайым түрі өсіріледі. Оның әдемі гүлі үйдің сәнін аша түседі. Олеандр өсімдігінің биіктігі 2 метрге дейін жетеді. Егер оны бөлмеге өсіретін болсаңыз, онда қырқып реттеп отыру керек болады.

Олеандрдың гүлі түрлі түсті, ірі болады. Егер гүлдің күтімі жақсы болса, онда ол жылда мамыр айынан бастап қыркүйекке дейін үзбей гүлдеп тұрады. Бұл өсімдік аса бір ерекше күтімді де қажет етпейді. Оны тіпті гүл өсіруді енді ғана қолға алған тәжірибесі жоқ жан да керметтей етіп өсіре алады.

Бұл өсімдікке қатысты түрлі мистикалық қауесет бар. Үйдің энергетикасын тазартып, жаман әдеттен арылтады және мансаптың өсуіне ықпал етеді. Мұның қаншалықты рас екені беймәлім, дегенмен үйдің ауасын зиянды нәрседен тазартатыны ғылыми түрде дәлелденген.


Негізінен олеандр - гүлі улы өсімдік. Егер үйде кішкентай сәби болса, онда гүлді абайлап өсіру керек. Себебі у гүлдің бар бойында, сабағы, жапырағы, гүлінде де болады.

Сондай-ақ өсімдік гүлдеген кезде ерекше хош иісі болады. Егер гүл кішкене бөлмеде өсіп тұрған болса, онда гүлдеген кезде иісі басты ауыртып, жүректі айнытады. Сондықтан гүлді жатын, жұмыс және балалар бөлмесіне қоймаған дұрыс. Кейбір жандарда аллергия тудырады. Бірақ гүлдің уы тек тікелей тағамға түскенде ғана әсер береді.

Олеандр жапырақтары жүрек-қан тамырлары жүйесін емдеуге арналған дәрі жасау үшін пайдаланылады. Өсімдіктің сығындысынан тері ауруларына қарсы крем мен жақпамайлар жасайды.


Олеандр гүлін өсірудің оң тұсы

  • Керемет сән береді
  • Ерекше күтімді қажет етпейді
  • Ұзақ гүлдеп тұрады
  • Ерекше хош иісті


Кемшілігі:

  • Олеандр гүлі өміршең болғанымен қысқы салқынды көтере алмайды. Сондықтан оны сырттан үйге ауыстыру керек.
  • Улы


Сақтану керек:

Олеандр гүлі улы болғандықтан оны қондырғанда, қырыққан кезде үнемі қолғап киіп жұмыс істеу керек.

Балаларды гүлдің қасына жолатпаған жөн.

Олеандр гүлі өте жылдам өсетіндіктен оны отырғызатын ыдысты үлкендеуетіп алыңыз. Әр екі жылда ыдысын ауыстырып тұру қажет.


Олендр гүлін өсіру үшін:

- Бөлмеге мол жарық түсіп тұрғаны дұрыс. Олеандр – субтропикалық жақтан келген өсімдік. Ол жақта күннің ұзақтығы 10 сағаттан кем болмайды. Сондыдқтан гүлді шығыс және оңтүстік шығыс жақтағы терезе алдына қойған жөн.

- Жаздың күні өсімдікті бірқалыпты молынан суғару керек. Күн салқындағанда 3-4 күнде 1 рет суғару жеткілікті.

- Олеандр үшін температура +20 градус қалыпты болып саналады.


Олеандр гүлін көбейту жолдары

Бірінші тәсіл – тамырлату арқылы. Ол үшін суға тез тамырлауға көмектесетін арнайы дәрі қосқан дұрыс. Тамыр шығаруға қойған ыдысқа күн көзі тікелей түспегені жөн. Бұтаның тамыры 35-40 күн шамасында шығады. Тамыр ұзындығы 3 см-ге жеткен кезде топыраққа отырғыза беруге болады.

Екінші тәсіл - Бұтақтарды бөлу арқылы. Бұталар көбейіп кеткен кезде оларды бөлу арқылы көбейтуге болады. Егер өсімдіктің тамыры сау, ешқандай зақымданбаған болса, онда оны өткір пышақтың көмегімен 2-3 ке бөлу қажет. Барлық жараланған жеріне белсендірілген көмір ұнтағын себу керек. Кішкене кептіріп алып ыдысқа отырғыза беруге болады.

  • Егер гүлдің жапырақтары төгіле бастаса, онда ол не өкпек желде қалып қойды немесе жарықтың жетіспей тұрғаны. Мұндай кезде бірден жарық жерге шығарып қоймай, біртіндеп жарықты көбейткен дұрыс.
  • Егер гүлдің жапырақтары ағара бастаса, онда оған жарық пен жылу жетпей тұрғаны.

Маңызды: Оландр гүлдеуі үшін ондағы ескі бұталарды қырқып, реттеп отыру керек.Оның тек жас бұталары ғана гүлдейді.


Керек кеңес, қажеттеріңізге жарасын!


Дайындаған: Эльмира Базарбаева,

ERNUR.KZ

Сынған кілтті құлыптан шығару үшін супержелім керек


ҮЙДЕ де БАНАН ӨСІРІП жемісін жеуге болады