​КҮЙГЕН МАЙДЫ желатинмен тазартып алуға болады

0
2 586

Өсімдік майын қайта пайдаланудың тиімді тәсілдерін білесіз бе?


​КҮЙГЕН МАЙДЫ желатинмен тазартып алуға болады

Өсімдік майына балық, бауырсақ, котлет тағы да басқа қуырған кезде, келесі пайдалануға жарамай қарайып күйіп кетіп жатады. Біршама майды төгіп тастауға тура келеді. Ал бұл қазіргі баға шарықтап тұрған уақытта үлкен шығын. Алайда оны төкпей тазартып, келесі жолға пайдаланудың оңай, қарапайым тәсілі бар. Ол үшін бар болғаны желатин қажет.


Желатин қалай жұмыс істейді

Желатинмен тазарту жолы:

  • Қуырып болғаннан кейін майды бөлме температурасына дейін салқындату керек.
  • Пайдаланылған, күйген майдың әр литрі үшін жарты стақан су және шай қасық ұнтақты желатин қажет. Суға желатинді салып, ылғалды өзіне тартып алғанша бірнеше минутқа қалдырамыз.
  • Суды қайнауға дейін жеткізіп, желатин толық ерігенше араластырып отырамыз.
  • Май суыған соң ыдысқа құйып, бетін жауып, 1 түнге тоңазытқышқа салып қоямыз.
  • Желатин толық еріген соң араластыра отырып майдың үстінен құямыз.
  • Келесі күні тоңазытқышқа салған ыдыстағы таза майды басқа ыдысқа құйып аламыз. Ал түбінде дөңгелек болып қатқан желатинді тастаймыз.


Тазартылған майды қайта пайдаланған кезде алғашында кішкене көбік пайда болады. Бұдан қорқудың қажеті жоқ, ол қалыпты жағдай. Бұл майда қалған ылғалдың әсері. Көпіршік тез тарап кетуі үшін май құйылған ыдысты мұқият жаймен тұрған орнында айналдыру керек.


Жүгері крахмалымен тазарту

Майдың әр литрі үшін стақанға 4/1 мөлшерде су құйып оған 1 ас қасық жүгері крахмалын салып араластырып аламыз. Қоспаны жылы немесе салқын майға құйып араластырамыз. Майды ұсақ көзді сүзгіден өткізіп аламыз. Егер майдың түсі қоңырқай тартып тұрса қорықпаңыз. Біраз тұрған соң түсі өзінің қалпына келеді.

Сонымен бірге майдың дәмі өзгеріп, ащы болып кетсе, оны да қалпына келтірудің тәсілдері бар.


Сұйық майдың дәмі неге өзгереді?

Майдың дәмінің, исінің өзгеруіне ең бірінші кезекте ұзақ немесе дұрыс емес жерде сақталуы себеп болады. Сұйық май құрамында бактериялар болады. Май дұрыс сақталмаған жағдайда бактериялар өзгеріске ұшырап, оның дәмі мен иісі жағымсыз бола түседі.


Ағаш көмірі

Өсімдік майының ащы дәмін жоюға ағаш көмірі жақсы көмектеседі. Ол үшін майды қазан немесе кәстрөлге құйып ағаш көмірін саламыз. Майды отқа қойып қайнатып, суытамыз. Бұл тәсіл майдағы барлық зиянды бактерияларды жояды. Егер май бұл тәсілден кейін ащы дәмінен арылмаса, онда оны мүлде пайдалануға жарамайды.


Пісте

Пістені жақсылап қуырып майға қабығымен бірге саламыз. Май құйылған ыдыстың бетін жауып, қараңғы жерде 1 апта ұстау керек. Кейін сүзіп тоңазытқышқа немесе қараңғы, салқын жерде сақтап, тамақ, салатқа пайдалана беруге болады.


Пияз

Майды жақсылап қыздырып, бірнеше пиязды екіге бөліп салу керек. Пияз күйгенше майды оттан түсірмейміз. Кейін май салқындаған соң тоңазытқышқа сала беруге болады.


Майдың дәмі мен иісі өзгермеу үшін:

  • Ең бастысы өсімдік майын қараңғы жерде сақтау керек.
  • 1 литрлік бөтелкеге 1 шымшым тұз немесе тазартылған сарымсақтың 1 бөлігін салып қойса да сақталу мерзімі ұзара түседі.
  • Майды ұзақ сақтау үшін пластик бөтелкеден шыны ыдысқа құйып қойған жөн.

Керек кеңес, қажеттеріңізге жарасын!


Дайындаған: Э.Базарбаева,

ERNUR.KZ


Тарақты БІР ЖЫЛДАН АРТЫҚ қолдануға БОЛМАЙДЫ