Желі қолданушылар арасында “Таңғажайып Түркістан” байқауы басталды

0
473

Кез келген әлеуметтік желі қолданушысы қатыса алады.


Желі қолданушылар арасында “Таңғажайып Түркістан” байқауы басталды

Түркістан облысының 5 жылдығына орай “Таңғажайып Түркістан” байқауы басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының 5 жылдығына орай әлеуметтік желі қолданушылары арасында “Таңғажайып Түркістан” байқауы басталды.


Байқаудың мақсаты: Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай, Түркістан облысының тарихи-мәдени ескерткіштерін, туристік нысандары мен өлкенің көрнекі жерлерін, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуын насихаттау, туған жердің тарихын білуге баулу.


Байқауға қатысу шарттары:

- Байқауға кез келген әлеуметтік желі қолданушылары (18 жастан жоғары) қатыса алады.

- Әлеуметтік желіде Түркістан облысының тарихи-мәдени ескерткіштерін, туристік нысандары мен өлкенің көрнекі жерлері туралы, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы пост жариялануы қажет;

- Түркістанда селфиге (2 фото) түсу;

- Түркістан туралы бейнеролик әзірлеу (мобилографиялық қабілетін ашып көрсету)

- Түркістан келбетін көрсететін 10 фотодан тұратын фоторепортаж және толыққанды ақпарат берілу керек;

2.3. Байқау жұмысына қойылатын талаптар:

- Жалпы пост 300 символдан кем болмауы керек.

- Әрбір қатысушы кемінде 20 жариялым (пост) жасау керек;

- Байқау материалдары екі тілде, қазақ және орыс тілдерінде қабылданады.

- Посттар міндетті түрде

#БізкөргенТүркістан, #ТүлегенТүркістан, #КиеліТүркістанғасаяхат, #Түркістанөлкесінен1селфи, #Түркістанға5жыл хэштегтерімен жариялануы қажет.

- байқау атауын қолдану.


Байқауға 2023 жылғы 1 мамыр-20 маусым аралығында жарияланған материалдар қабылданады.