​«Ұлттық домбыра» күні өмірге келген бәйдібектік нәрестеге Дәулеткерей есімі берілді

0
2 275

Айта кететін жағдай, Дәулеткерей атты сәби 1 шілде күні Астана уақытымен 00:15-те дүниеге келген.​


​«Ұлттық домбыра» күні өмірге келген бәйдібектік нәрестеге Дәулеткерей есімі берілді

ERNUR.KZ. Бәйдібек ауданы Шаян елді мекенінде «Ұлттық домбыра күні» мерекесінде туылған ең алғашқы сәбиге аудан әкімдігі тарапынан домбыра сыйға тартылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Айта кететін жағдай, Дәулеткерей атты сәби 1 шілде күні Астана уақытымен 00:15-те дүниеге келген.

Сәби мен анасын аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев мерекемен құттықтап, арнайы «Алғыс хатпен» марапаттаса, аудандық әжелер алқасының төрайымы Қарашаш Есенбекқызы сәбидің анасына орамал жапты.

Сонымен қатар, Қазақстанның құрметті журналисі, ауданның «Құрметті азаматы» Серікбай Дәулетбайұлы сәбиге домбыраны сыйға тартып, сәбидің есімін атақты күйшідей болсын деп Дәулеткерей қойды.

Дәулеткерейдің анасы Айсұлу Искадерова алғаш рет аталып отырған «Ұлттық домбыра» күні мәңгі есте қалатынын айтып, құттықтаған кісілерге алғысын білдірді.

Аталған акцияға «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының орынбасары Тұрсынәлі Қырғызәліұлы, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Өскен Қосыбайұлы, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ерғали Рахымұлы, «Алғабас» газетінің бас редакторы Абзал Әлішерұлы қатысты.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың жарлығына сәйкес1 шілде күні «Ұлттық домбыра» мерекесі алғаш аталып өткен болатын.