​Түркістандық жастар арасында күй орындаудан байқау өтті

0
2 212

І кезеңде шертпе күй орындалса, ІІ кезеңде төкпе күйден үміткерлер бәсекеге түсті.


​Түркістандық жастар арасында күй орындаудан байқау өтті

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында жастар арасында күй тартудан байқау өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Сарыағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аудандық «Күй құдіреті» атты күй орындаушылар арасында байқау өтті.
Күй орындау өнерінің майталмандары музыкалық мұраларын халық арасында кеңіненнасихаттау, асқақ шығармашылықтарын дәріптеу, күйді нақышына келтіріп орындайтын таланттарды табу. Жастар арасында домбыра аспабының қасиетін ұғындыру мақсатында өткен байқау екі кезеңнен тұрды.

Яғни, І кезеңде шертпе күй орындалса, ІІ кезеңде төкпе күйден үміткерлер бәсекеге түсті. Байқауды Сарыағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Әбіләзім Жаншуақов ашып беріп, үміткерлерге сәттілік тіледі.
Қазылар алқасы күй орындаушылық шеберлігіне, сахна мәдениеті мен ұлттық киіміне жете көңіл аударып, сайыс соңында күй құдіретін жан дүниесімен сезіп, домбыраның құлағында шебер ойнай алатын мықтыларды анықтап диломдар берілді. Барлық байқауға қатысушыларға бағалы сыйлықтармен алғыс хаттар табысталды. Атап айтқанда І-орын - Б.Рахматулла, ІІ-орын - Н.Абатова, ІІІ-орынды Л.Печайкина иеленді.

Ал, аудан әкімінің арнайы жүлдесімен Ұ.Төлеген, Сүгір Әліұлы атындағы жүлдемен Ж.Пернебаев, Т.Момбеков атындағы жүлдесімен Ж.Абдуманапов марапатталды.