Түркістанда жас бишілер сынға түсті

0
684

8-17 жас аралығындағы оқушылар қатысты.


Түркістанда жас бишілер сынға түсті

Түркістанда заманауи би бағыты бойынша «DANCE BATTLE ІІ» жарысы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгін Түркістандағы Оқушылар сарайында заманауи би бағыты бойынша«DANCE BATTLE ІІ» жарысы өтті.


Би өнерінен өткен жарысқа қаланың 8-17 жас аралығындағы оқушылары қатысып, бақ сынасты. Тартысты өткен бәсеке 3 кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде би топтары 3 минуттан аспайтын би қойылымын қойса, екінші кезеңде топбасшылары баттл жанры бойынша сайысқа түсті. Ал шешуші кезеңде үздік шыққан 2 топ бас жүлдені сарапқа салды.


Тартысты өткен жарыс нәтижесі бойынша: бас жүлдені «Shagdiana» dance group, І орынды «Amina» dance group, ІІ орынды «OS VIP» тобы мен «Gracia» dance group, ал ІІІ орынды «SIMBAT», «OS dance» би топтары мен Түркістан болашақ гимназиясының бишілері иеленді.