Түркістанда жаңа жедел жәрдем станциясы салынды

0
720

Жақын күндері пайдалануға беріледі.


Түркістанда жаңа жедел жәрдем станциясы салынды

Өмірзақ Шөкеев Түркістандағы әкімшілік-іскерлік орталықта салынып жатқан қалалық саябақтағы жасанды көлдің құрылысымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістандағы әкімшілік-іскерлік орталықта салынып жатқан қалалық саябақтағы жасанды көлдің құрылысымен танысты. Жалпы ауданы – 13 гектарға жуық. Су сыйымдылығы – 0,6 млн. м3. Көлдің аумағына тірек қабырғасының 40% (250м) бетон құю жұмыстары жүргізілген. Нысан аумағында орналасқан 8 ғимараттың іргетасының бетон құю жұмыстары атқарылуда. Сонымен қатар су келетін каналдардың жер қазу жұмыстары, темір құбырларды монтаждау жұмыстары қолға алынған.


Түркістан облысының әкімдігі мен «Қазақстандық-Француздық «КАТКО» бірлескен кәсіпорны» ЖШС Түркістан қаласында 25 бригадаға арналған облыстық жедел көмек станциясын салуда. Мұнда кардиологиялық, педиатриялық, реанимациялық-хирургиялық, неврологиялық, психиатриялық, токсикологиялық бригадалар болады. Жақында ашылатын орталықта ересектер мен балаларға тәулік бойы тегін жедел және шұғыл медициналық көмек көрсетіледі. Жедел жәрдем станциясы жылына 70 000 шақырыруға шыға алады.


Айта кетейік, жобаның технологиялық бөлігі әкімшілік-тұрмыстық корпусты, орталық зарарсыздандыру бөлімшесі ғимараты мен кір жуатын орынды, 25 арнайы медициналық көлікке арналған гараж бен бақылау-өткізу пунктін қарастырады. Орталықтың технологиялық бөлігі оның қауіпсіздігі мен барлық нормативтік талаптардың орындалуын толығымен қамтамасыз етеді. Жедел жәрдем станциясының жалпы жер аумағы 2,2 гектарды құрайды. Жедел жәрдем станциясы жақын күндері пайдалануға беріледі.


Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев «Қылует» рухани орталығының құрылыс алаңына барды. Бұл орталық кәсіпкерлер ғана емес, жалпы халықтың қаржылай қолдауымен салынуда. Рухани орталықтың көлемі – 2300 шаршы метр. Жерасты мешітінің қасынан бой көтеретін медресенің аумағы – 1282,8 шаршы метр. Орталықта медресе, қарилар дайындайтын мекеме, қызметтік үй болмақ. Құрылыс жұмыстары былтыр қазан айында басталды. «Қылует» рухани орталығы биыл ел игілігіне берілмек.