Түркістанда 23 көшеге асфальт төселеді

0
620

65 көшеге тас төселді.


Түркістанда 23 көшеге асфальт төселеді

Түркістан қаласында 34 шақырым жолға асфальт төсеу жоспарланған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Биыл Түркістан қаласында 34 шақырым құрайтын 23 көшеге асфальт төсеу жоспарланған. Бүгінде жоспар аясында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, шаһардың Ақниет, Бәйшешек көшелеріне, сондай-ақ, Ақниет - Ертөстік көшелері аралығындағы жолға, Т.Дүйсебаев, Ерқосай батыр, Барақ сұлтан, Ақтайлақ, Жиделібайсын көшелеріне асфальт төселді.


Тас төсеу жұмыстары 2023 жылы 89,6 шақырым құрайтын 94 көшеге жүргізіледі. Соңғы көрсеткіштер бойынша жыл басынан бері 56 шақырымды 65 көшеге тас төселді.


Аталған жұмыстар халық көп шоғырланған алты сектордың алғы тізіміндегі көшелерге жүргізілді.