ТҮРКІСТАН: Жемқорлыққа қарсы күресте жас депутаттар да белсенді

0
746

Сыбайлас жемқорлық – бүгінгі қоғамның негізгі қолбайлау болып отырған өзекті мәселелерінің бірі. Онымен күресті жас буыннан, өскелең ұрпақтан бастаған тиімді болмақ.


ТҮРКІСТАН: Жемқорлыққа қарсы күресте жас депутаттар да белсенді

Түркістан облысындағы бірқатар мекемелерде жемқорлыққа қарсы түсіндіру жұмыстары жүргізілді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің қолдауымен аудан әкімінің жанынан құрылған «Жетісай Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Нұрлыбек Мутаевтың ұйымдастыруымен аудандағы бірқатар мекемелерге жемқорлыққа қарсы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Шараға Жетісай аудандық мәслихатының жас депутаттары Жұмағали Төреқұл, Рүстем Наматуллаев пен Айбек Сұлтанмұрат, аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ қызметкерлері қатысты.

Халық жиі шоғырланатын халыққа қызмет көрсету орталығы, кірістер басқармасы мен жұмыспен қамту орталығы секілді мекемелерде болып, үнпарақшалар таратып, арнайы қағаздарды ілген азаматтар елдегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен таныстырып, жемқорлық белгілері болып табылатын жағдаяттарға тоқталды. Қызметтік бабын асыра пайдаланып, жеке бас пайдасының табысын арттыруға жасалған қылмыстардың салдарымен, заңда белгіленген жауапкершіліктермен таныстырды. Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

«Біз, жастар – еліміздің болашағы болғандықтан болашағымызды, қоғамымызды жемқорлықсыз қалыптастыруымыз керек. Перзенттерімізге де адал, таза мемлекетті аманаттауға тиіспіз. Міне, осы мақсатта біз бүгін «Жетісай Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесімен түсіндіру жұмыстарын жүргізудеміз. Шараға қатысқан аудандық мәслихаттың жас депутаттарына, орталық қызметкерлеріне шынайы алғысымды білдіремін. Түсіндіру жұмыстарын алдағы уақытта да жалғастыра беретін боламыз», - дейді Жетісай аудандық мәслихатының депутаты Жұмағали Төреқұл.

Қазақстанның бәсекеге қабілетті дамыған елдердің қатарына еніп, алдыңғы қатарлардан көрінуі үшін дүниетанымы кең, кемел ойлы азаматтарын өсіру, бүгінгі ұрпаққа ұлттық рухани қазынаны, әлемдік озық ой-пікірлермен ұштастырған сапалы білім мен саналы тәрбие беру, оларды патриоттық рухта тәрбиелеумен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, жемқорлыққа төзбеушілік сезімдерін қалыптастыру басты назарда тұр.

Мемлекет басшысының жүргізіп отырған жемқорлықпен күрес саясатын тұрғындар арасында кеңінен наихаттауда жетісайлық жастардың өзіндік орны бар екеніне осыдан-ақ көз жеткізуге болады.