ТҮРКІСТАН: Тұрғын үйлердегі лифттерге заманауи мониторлар орнатылып жатыр

0
649

Қылмыс жасаған адамды бейнетүсірілім жасауға мүмкіндік береді.


ТҮРКІСТАН: Тұрғын үйлердегі лифттерге заманауи мониторлар орнатылып жатыр

Түркістанда лифттерге «Safe lift» – қашықтықтан бақылау мониторлары орнатылуда, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан қаласындағы жаңадан салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйлердегі лифттерге заманауи мониторлар орнатылуда. Бағдарламалық-ақпараттық «Safe lift» жеделсаты кешені лифт ішінде орын алған төбелес, ұрлық секілді қылмыстарды ашуға және қылмыс жасаған адамды бейнетүсірілім жасауға мүмкіндік береді. Ол дәлел ретінде одан әрі жауапты мекемелерге жолданады.

Бұл мониторлардың ерекшелігі бейнебақылау құрылғысымен қатар, азаматтарға қажетті көмек көрсете алатын батырма орнатылған. Мәселен, лифт ішінде техникалық ақау болып тоқтап қалса және сіз ішінде қалып қойсаңыз - тікелей байланыс орнатылады. Болашақта мониторлар саны көбейсе арнайы байланыс қызметін ашу жоспарлануда. Сондай-ақ, 109 - Бірыңғай байланфс орталығына да байланыс жүйесін қосу жұмыстары жүргізілуде.

Одан өзге, төтенше жағдайларда көмек сұрау үшін SOS батырмасы, азаматтардың басқа тұрғын үйлерге, басқа лифттегі мониторларға қауырт хабарлама (дауылды ескерту, көлік кептелісі және т.б) жіберу жолақтары орнатылған. Сонымен бірге, монитордан ауа-райын, валюта бағамдарын (доллар, евро, рубл), уақыт (сағат) бойынша ақпарат алуға жағдай жасалған.

Және де монитордың төменгі жағында қаланың әлеуметтік қызметтері үшін арнайы жолақ (текстовая строка) бар. Онда әртүрлі төтенше жағдай туралы ескерту жазуға болады. Мысалы, жолдардың жабылуы туралы, коғамдық көліктің маршрут бағытының өзгеруі және т.б. Әр үйдің "Пәтер иелерінің кооперативі" (КСК) хабарландыруына бөлек жолақ бөлінген. Ол үшін КСК қызметкеріне арнайы жеке логин мен пароль беріледі, оның көмегімен ол өзі қажет мониторларда ақпаратты тарата алады.

Қазіргі таңда жалпы саны 7 тұрғын үйге мониторлар орнатылып жатыр. Алда, жобаның тиімділігі ескеріле отырып, санын арттыру жоспарлануда.