ТҮРКІСТАН: Түлкібастық азамат 450 балаға қуаныш сыйлады

0
406

130 оқушыны қыстық киіммен және мектепке қажетті оқу-құралдарымен жабдықтауға қолдау көрсеткен.


ТҮРКІСТАН: Түлкібастық азамат 450 балаға қуаныш сыйлады

Түлкібас ауданында 450 балаға сыйлық үлестірілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түлкібас ауданында Жаңа жыл мерекесі қарсаңында жергілікті кәсіпкер аз қамтамасыз етілген 450 отбасының балалары мен асыраушысынан айырылған және ерекше зәрулігі бар жандарға мерекелік сыйлықтар үйлестірілді.


Сауапты іске ұйытқы болған Азамат Өтегенов мерекенің мәні мен сәні – балалардың күлкісінде әрі қуанышында екендігін жеткізді. Жомарт жан бұған дейін де бірнеше игі шараға атсалысқан. «Мектепке жол» акциясы кезінде 130 оқушыны қыстық киіммен және мектепке қажетті оқу-құралдарымен жабдықтауға қолдау көрсеткен.


Мерейлі мерекеде балалар да өз өнерлерін көрсетті. Оларға арналып аудандық өнерпаздар ән айтып, мерекелік көңіл күй сыйлады.