ТҮРКІСТАН: Төлеби ауданына бір жылда 105 мыңнан астам турист келген

0
677

«Ақсу-Жабағылы» мемлекеттік табиғи қорығы және «Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің біраз аумағы орналасқан.


ТҮРКІСТАН: Төлеби ауданына бір жылда 105 мыңнан астам турист келген

Төлеби ауданына бір жылда 105 мыңнан астам адам саяхаттап келген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы, Төлеби ауданында экологиялық туризм жақсы дамыған. Аудан аумағында «Ақсу-Жабағылы» мемлекеттік табиғи қорығы және «Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің біраз аумағы орналасқан.


Қазіргі таңда ауданда аумағында 40 орналастыру орны және 2 емдік-сауықтыру орталығы қызмет көрсетеді. Ресми статистикалық ақпаратқа сәйкес, 2022 жылдың ІІІ тоқсан қорытындысымен Төлеби аудан аумағындағы орналастыру орындарымен 34 552 адамға қызмет көрсетілген. Сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға 70 706 мың адам келген.


Бұдан бөлек, 2022 жылдың қорытындысымен Төлеби ауданының туризм саласына негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 4,43 млрд. теңгені құрап, 2021 жылмен салыстырғанда 326% пайызға артқан (2021 жыл – 1,36 млн. тг). Оның ішінде, Бірінші мамыр ауылында демалыс аймағы, «Vivood» демалыс аймағы, «Алматау» тау курорты маңында қосымша ғимараттар іске қосылды.


Төлеби ауданының туристік инфрақұрылымын жетілдіру бойынша бірқатар жұмыстар атқарылуда. Соның ішінде, Қасқасу ауылы, «Сайрам-Өгем» МҰТП-нің территориясына дейінгі 11,8 шақырымды құрайтын кіреберіс жолдарды жөндеу жұмыстары жүргізілді.