ТҮРКІСТАН: Соңғы 2 тәулікте Covid-19 инфекциясы мүлдем тіркелмеген

0
904

31 науқас covid-19 індетінен ем қабылдап жатыр.


ТҮРКІСТАН: Соңғы 2 тәулікте Covid-19 инфекциясы мүлдем тіркелмеген

Бір тәулікте мыңға жуық түркістандық тұрғын коронавирусқа тес тапсырды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысында соңғы бір тәулік ішінде 944 азаматтан коронавирус инфекциясын анықтайын сынама алынған. Тапсырылған барлық тест теріс нәтиже көрсетіп, ешбір азаматтан ауру анықталмады. Ресми мәлімет бойынша, соңғы екі тәулікте Түркістан облысында Covid-19 инфекциясы мүлдем тіркелмеген.

Қазір ауруханалардағы инфекциялық стационарларда небәрі 31 науқас covid-19 індетінен ем қабылдап жатыр. Жалпы, жұқпалы ауруларға шалдыққан науқастарға арналған 600 төсек орынның 484-і бос тұр. Сонымен қатар, пневмония және тұмаумен ауырған 85 адамға ем көрсетіліп келеді. Науқастардың жағдайы қанағаттанарлық деңгейде.

Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметіне сүйенсек, облыс бойынша Сovid-19 инфекциясын жұқтырған 3322 жағдай тіркелген. Оның ішінде 3168 науқас медицина қызметкерлерінің көмегімен сауығып шықты. Жалпы, күні бүгінге дейін өңірде 130061 азаматтан коронавирус инфекциясына қатысты зертханалық полимеразды тізбекті реакциясына сынама қабылданған.

Айта кетейік, қазіргі уақытқа дейін Түркістан облысында карантиндік режимді қатаң сақтау мақсатында қажетті іс-шаралар тұрақты жүргізіліп келеді.