​ТҮРКІСТАН: Шаруаларға тегін кеңес берілді

0
1 429

Ұйымдастырылған тегін кеңесте тиімді технологияларды пайдалану әдіс-тәсілдері айтылды.


​ТҮРКІСТАН: Шаруаларға тегін кеңес берілді

Мақтаарал ауданында шаруа-дихандарға мақта алқабындағы күрделі мәселелермен күресу, тиімді технологияларды пайдалану әдіс-тәсілдері бойынша мамандар тарапынан тегін кеңес берілді деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС, «Мақта» білім тарату орталығының бастамасымен және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасы мен «Агробіліктілік» ЖШС қолдауымен «Агроөнеркәсіп кешені субъектілерін қайтарымсыз негізде ақпаратпен қаматамасыз ету» бағдарламасы аясында Мақтаарал ауданында ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірумен айналысатын шаруа-дихандарға тегін кеңес беру ұйымдастырылды.

«Бағдат» шаруа қожалығында өткен шарада аудан дихандары алдымен шаруа қожалықтың тыныс-тіршілігімен, егілген техникалық дақылдың түрімен, шит себу, баптау, өнім алу әдіс-тәсілдерімен танысып, еркін форматта сұрақ-жауап алысты.

Шаруалар тарапынан қойылған сұрақтардың басым бөлігі ерекше күтімді қажет ететін мақта кластеріне қатысты болғандықтан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС басдиректорының орынбасары, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Оразбек Бигараев жауап беріп, түсінік жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар, ғалым мақта алқабындағы күрделі мәселелердің алдын алып, аз шығынмен мол өнімге қол жеткізудің әдіс-тәсілдерімен бөлісіп, қолданылатын технологиялардың тиімділігі бойынша пайдалы кеңестер берді.