ТҮРКІСТАН: Отырарда бидай егу жандана бастады

0
929

Қауын, жүгері, жоңыршқа алқаптары ағын судан тапшылық көрген.


ТҮРКІСТАН: Отырарда бидай егу жандана бастады

Отырар ауданының әкімдігі суды көп қажет етпейтін және ғылыммен негіздемесі нақтыланған өнім түрлерін өсіруді ұсынған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Отырар ауданының әкім Сәкен Сұлтанханов айтты.


Соңғы жылдары таулы аймақтардағы мұз бен жауын-шашын деңгейінің төмендігінен Отырар ауданында ағын су жетіспеушілігі орын алып жатыр.


Ауданға қарасты Қарғалы ауыл округіндегі дихандардың қауын, жүгері, жоңыршқа алқаптары ағын судан тапшылық көрді.


Осы жағдайларды ескере отырып, Отырар ауданының әкімдігі суды көп қажет етпейтін және ғылыммен негіздемесі нақтыланған өнім түрлерін өсіруді ұсынды.


«Биыл отырарлық дихандар жаз айларында су тапшылығының салдарынан бос жатқан 160 га алқапқа түрен салып, күзгі бидай еккен болатын. Күз және көктемгі мезгілде мол ағын суды тиімді пайдаланған «Біржан-2» ЖШС, «Ақсақал», «Сағындық-М», «Әшірбай» шаруа қожалықтары аңқасы кепкен даланы жасыл желекке бөлеп, мол өнім алуды көздеп отыр. Қазіргі таңда техникалардың дайындығын пысықтаған дихандар алдағы 1 ай көлемінде егінді толық жинап бітіреді», - деді Сәкен Асылханұлы.


Айта кетейік, тың тәжірибеге аудандағы өзге ауыл округтерінің дихандары қызығушылық танытса, мамандар бұл жобаның су тапшылығын жоюдың ең тиімді әдісі ретінде бағалап отыр.