​Түркістан өңірінің мемлекеттік қызметшілері тоғызқұмалақтан күміс жүлдеге қол жеткізді

0
611

Жалпы спартакиадада Түркістан өрендері бильярдтан — алтын, волейбол мен тоғызқұмалақтан күміс медаль еншіледі.


​Түркістан өңірінің мемлекеттік қызметшілері тоғызқұмалақтан күміс жүлдеге қол жеткізді

Қызылжар өңірінде Мемлекеттік қызметшілер арасындағы республикалық спартакиада аяқталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Дүбірлі дода тоғызқұмалақ бәсекесімен түйінделді. Бұл сында Түркістан облысының мемлекеттік қызметшілері командалық есепте екінші орынға ие болды.

Команда құрамында Түркістан облысы әкімі аппараты баспасөз қызметінің бас маманы Ғабит Сапарбеков, Төлеби ауданы, Кемеқалған ауыл округі әкімі аппаратының бас маманы Дулат Сапарбеков және Түлкібас ауданы, Түлкібас кенті әкімі аппаратының бас маманы Гүлнар Бердібекова шеберліктерін көрсетті. Осы бәсекеде жекелей сында екінші тақтада Ғ. Сапарбеков барлық қарсыласын жеңіп, чемпион атанды. Жалпы спартакиадада Түркістан өрендері бильярдтан — алтын, волейбол мен тоғызқұмалақтан күміс медаль еншіледі.