ТҮРКІСТАН: Оқушылар мен жүкті әйелдерге вакцина салу басталды

0
721

53 мектептің оқушылары салдырып үлгерді.


ТҮРКІСТАН: Оқушылар мен жүкті әйелдерге вакцина салу басталды

Түркістанда оқушылар мен жүкті әйелдерге бүгіннен бастап коронавирусқа қарсы «Pfizer» вакцинасын салу басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында «Pfizer» вакцинасын 53 мектептің оқушылары салдырды. Дәрігерлер жасөспірімдерді медициналық тексеруден өткізіп, қарсы көрсетілімдері болмаған жағдайда екпе егіп жатыр. Сондай-ақ қазіргі уақытта облыс бойынша 68 жүкті әйел «Pfizer» екпесін алды.


Мекемелерде профилактикалық жұмыстарды жүргізу үшін барлық жағдай жасалған. Екпе егетін медицина мамандары арнайы оқытудан өткен.


Еске салсақ, «Pfizer» екпесі 12-ден 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге, жүкті әйелдер мен лактация кезеңіндегі әйелдерге ерікті түрде салынады. Профилактикалық екпе азаматтардың өз келісімімен ғана жүргізіледі. Жасөспірімдерді вакцинациялау – тек ата-анасының немесе заңды өкілінің келісімімен жүзеге асады.


Айта кетейік, Түркістан облысында «Pfizer» вакцинасының 29 250 дана мөлшеріндегі алғашқы партиясы жеткізілген болатын.