ТҮРКІСТАН: Облыс прокуроры мен имамы жастар арасындағы мәселелерді талқылады

0
454

Бүгінгі таңда облыстағы жастар саны 654 мыңнан асады, яғни облыс халқының 31% құрап отыр.


ТҮРКІСТАН: Облыс прокуроры мен имамы жастар арасындағы мәселелерді талқылады

Түркістан облысының прокуроры мен облыстың бас имамы кездесу өткізіп, жастар саясатының даму тұстары талқыланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының прокуроры М.Тлеубердиев облыстың бас имамы Е.Төлеповпен кездесу өткізіп, жастар саясатының даму тұстары талқыланды. Бүгінгі таңда облыстағы жастар саны 654 мыңнан асады, яғни облыс халқының 31% құрап отыр.


Кездесуде жастар арасындағы діни сауаттылықты арттыру тетіктері, сонымен қатар, болашақ ұрпаққа синтетикалық есірткі, құмар ойындарға қызығушылық, қаржылық пирамида теріс әсер ететіндігі атап өтілді.


Облыс бас имамы Е.Төлепов бұл тақырыптағы үгіт-насихат жұмыстарын діни шараларда халық назарына жеткізіп, діни танымдылықтарын арттыруға күш жұмсайтындығын атап өтті.