ТҮРКІСТАН: Халықаралық келісім мәселесі жөнінде жиын өтті

0
700

Демеу болған қазақ жұртшылығына үлкен алғыс білдірді.


ТҮРКІСТАН: Халықаралық келісім мәселесі жөнінде жиын өтті

Түркістан облысы Түлкібас ауданында халықаралық келісім мәселесі жөнінде фейсбук әлеуметтік желісінің тікелей эфирінде дөңгелек үстел өтті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған жиынға Түлкібас аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қуатбек Еркебаев, аудандық этно-мәдени орталықтарының төрағалары мен мүшелері қатысты.

Отырыста сөз алған түрік этно-мәдени орталығының басшысы аудан тұрғындарын ұлттық қауіпсіздікті сақтауға, бірлік пен достық ара-қатынасты нығайтуға шақырды. Сондай-ақ, ол Елбасының Қазақстан халқына жасаған жақсылықтары мен жеткен жетістіктерін тілге тиек етті.

Ал, славян этно-орталығының төрайымы Елена Киреева: «Біз киелі Қазақстан елінде өмір сүріп келеміз. Бұл біздің жалғыз Отанымыз. ҚР Тұңғыш Президентінің арқасында әр түрлі ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп келеді. Бізде барлық ұлт өкілдерімен достық қарым-қатынас сақталған. Қазіргі таңда славян халқының біразы мемлекеттік тілде еркін сөйлей алады»,- деді.

Рас, сонау соғыс жылдарында көптеген өзге ұлт өкілдері қазақ еліне жер аударылды. Сол қиын қыстау кезде қазақ халқы барша ұлт өкілдеріне қол ұшын беріп, бауырына басып, ерекше көмек көрсетті. Соның арқасында қазақ елі бүгінде көп ұлтты мемлекетке айналып отыр. Бүгінде аспанында көк туы желбіреген егемен елімізде түрлі ұлт өкілдері бейбіт өмір сүріп, туған тілі мен мәдениетін сақтап, дамытып келеді.

Елі ішіндегі ымыралы ынтымақ пен ауызбірлікті сақтауға бір ауыздан қолдау білдірген орталық мүшелері жүзден астам этнос өкілдерін бір шаңырақ астына топтастырып, ел болып қалыптастырудағы Елбасымыздың еңбегі ерен екенін атап өтті. Сондай-ақ, олар қазақ халқының кең-дархан пейілінің ашықтығына, сондай-ақ қиын қыстау заманда қолтығына астына демеу болған қазақ жұртшылығына үлкен алғыс білдірді.