ТҮРКІСТАН: Келестік диқан су шықпайтын жерден өнім алып жатыр

0
564

«Су шықпайды» деген жерді игеріп, өз мақсатында ұтымды пайдаланып отыр.


ТҮРКІСТАН: Келестік диқан су шықпайтын жерден өнім алып жатыр

Келестік диқан қырдан мол өнім алуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы Келес ауданында «Н.Нұрсұлтан.Ә» кооперативі ағын су шықпайтын 26 гектар қырлы аумақты жер асты суы арқылы суаруды қолға алған. Бидай, қарбыз, картоп, құлпынай, қияр сынды өнімдерді еккен шаруа «Ұшқын» ауылдық округіндегі «су шықпайды» деген жерді игеріп, өз мақсатында ұтымды пайдаланып отыр.


«Өзбекстан елімен шекара аумағындағы бейтарап аймақтан Бозсу каналы ағып өтеді. Соны ескере келе жер асты суын жинайтын арнайы бассейн қаздырдық. Мұнда жиналған су қозғалтқыш арқылы алқапқа жіберіледі. Жаңбырлатып суару әдісін қолданып, заманауи технологияларды барынша енгізуге әрекет жасаудамыз» - дейді шаруақожалық иесі Тұрлыбай Жоланов.


Осылайша шаруа ағын суды үнемдеудің ерекше тәсілін тапқан. Қожалық иесі тиісінше жиын-терім маусымында мол өнім алуға ниетті.