ТҮРКІСТАН: Қазығұрттық спортшы жеңімпаз атанды

0
686

Спорттың ережесіз жекпе-жек түрінен ALASH PRIDE FC 80 халықаралық турнирі өтті.


ТҮРКІСТАН: Қазығұрттық спортшы жеңімпаз атанды

Түркістан облысында ауа райы күрт өзгеруі ықтимал, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Жуырда Шымкент қаласында спорттың ережесіз жекпе-жек түрінен ALASH PRIDE FC 80 халықаралық турнирі өтті. Турнирде Қазақстан, Өзбекстан, Бразилия, Ресей, Қырғыстан, Тәжікстан секілді алты мемлекеттен келген спортшылар бақ сынады. Соның ішінде 77 келі салмақта 23 жастағы спортшы, қазығұрттық Аширов Досқали Қазақстанның намысын қорғады. Досқалидың қарсыласы танымал өзбек спортшысы болды.


Ол жекпе-жек барысында қарсыласын 2-раундта нокаутқа түсіріп, жеңімпаз атанды. Аширов Досқали қазіргі таңда наурыз айында өтетін кезекті жекпе-жек сайысына дайындалып жатқанын айтты.


Спортшы еліміздің көк байрағын көкке көтеріп, атағымызды әлемге танытуды мақсат етіп отыр.