ТҮРКІСТАН: Дархан Сатыбалды жетісайлықтармен жүздеседі

0
571

Облыс тұрғындарының назарына!


ТҮРКІСТАН: Дархан Сатыбалды жетісайлықтармен жүздеседі

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Жетісай ауданының тұрғындарымен кездеседі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында, Түркістан облысының әкімі Дархан Амангелдіұлы Сатыбалдының Жетісай ауданының тұрғындарымен кездесуі 2023 жылғы 15 ақпанда сағат 11.00-де Жетісай қаласы, Ескендіров көшесі нөмерсіз үй, «Алтын сарай» салтанат сарайында өтеді, сонымен қатар, облыс әкімінің жеке қабылдауы 2023 жылғы 15 ақпанда сағат 12.00-де көрсетілген салтанат сарайында өтеді.


Түркістан облысының әкімі Дархан Амангелдіұлы Сатыбалдының Мақтаарал ауданының тұрғындарымен кездесуі 2023 жылғы 15 ақпанда сағат 16.00-де Мырзакент кентінде «Мақтаарал мәдениет үйінде» өтеді, сондай-ақ, облыс әкімінің жеке қабылдауы 2023 жылғы 15 ақпанда сағат 17.00-де Мырзакент кентінде «Жастар ресурстық орталығы» ғимаратында өтеді.


Қабылдауға алдын-ала жазылу 8(72533) 5-98-99 байланыс телефоны және t.akimat@ontustik.gov.kz электронды почта арқылы 2023 жылғы 14 ақпанға дейін сағат 9-00 ден 19-00 аралығында (түскі үзіліс сағат 13.00-15.00 дейін) жүргізіледі.


Тиісті мекемелердің қатысуын қамтамасыз ету және кері байланыс орнату мақсатында өтініш берушінің аты-тегі, сұрақтың мәні, мекен-жай, байланыс телефоны және электронды почта (бар болған жағдайда) нақты көрсетілуі қажет.